«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркістан: Түлкібастық кәсіпкер шағын цехта 9 адамды жұмыспен қамтып отыр

2024 жылғы 27 Наурыз
- Түркістан облысы
3388 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы кәсіп бастаушыларға 10 жылдан бері қолдау білдіріп, заң аясында қызмет көрсетіп келеді. Палатаның Түлкібас аудандық филиалының қолдауы нәтижесінде көптеген тұрғындар кәсіп бастап, өз ісін өрге дөгелетуде. Солардың бірі – Әлихан Жорабаев. Ол тұрмыстық химия өнімдерін шығарып, он шақты жылдан бері кәсіпкерлік салада еңбек етіп келеді.

Жеке кәсіпкер ыдыс-аяқ және кір жууға арналған гель, кір сабын және сұйық сабын өндірумен айналысады. «Lady» атауымен шығатын өнімі Шымкент, Тараз, Астана, Қызылорда қалаларында сатылымда. Елімізде тұрмысқа қажетті тауардың дені шетел импортталады. Бұл ретте жас кәсіпкер осы олқылықтың орнын толтырып, ішкі нарыққа отандық брендті қалыптастырып үлгерді.

Майтөбе ауылындағы шағын цехта 9 адам жұмыс істейді. Әлихан Ғабибуллаұлы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарлама шеңберінде 5 млн теңге қайтарымсыз грантты жеңіп алған. Кәсіпкер қолдағы бар қаржыға цех жұмысын кеңейтуді көздеп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер