«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркістандық кәсіпкерлер ваучерлік қаржыландыруға наразы

2024 жылғы 27 Наурыз
- Түркістан облысы
2815 просмотров

Оңтүстік өңір аумағындағы балабақшаларға ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі. Пилоттық жоба Түркістан, Шымкент, Тараз қалаларында іске асырылмақ. Бұған түркістандық балабақша құрылтайшылары мен меңгерушілері қарсылық білдірді.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жоба бойынша талқылау жүргізілді. Білімді дамыту комитетінің төрайымы, Өңірлік кеңес мүшесі Шолпан Маратқызының төрағалығымен өткен білім беру және медицинаны дамыту комитетінің отырысына балабақша құрылтайшылары мен меңгерушілер қатысты.

Мектепке дейінгі мекемелерді мемлекеттік субсидиямен қаржыландыруға арналған жаңа жүйе алдымен Астана қаласына енгізілген. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қаржыландыру жүйесі арқылы бұл іске ата-аналар да араласа алады.

Жергілікті атқарушы орган балабақшаларға мемлекеттік тапсырысты қаржыландырумен айналыспағандықтан банк шоттарына ақша кеш келеді деген басты мәселеге айналып отыр. Сондықтан, кәсіпкерлер жаңашылдықтың енгізілуімен тек қаржының аударылуын күту уақыты артады деген пікірде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер