«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Риэлтор қызметі жауапкершілігі айқын, толыққанды мамандыққа айналуы мүмкін

2024 жылғы 26 Наурыз
8408 просмотров

Риэлторлық қоғамдастық өкілдері риэлторлық қызметті реттеу мәселесі бойынша мемлекеттік органдармен құрылымды диалог жүргізеді.

«Атамекен» ҰКП алаңында риэлторлық қызметтің түйткілді мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Оған ҚР Ұлттық экономика, Әділет, Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері, «Атамекен» ҰКП мен бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Қазақстанда риэлторлық қызметті реттеу мәселесі өте өзекті. Риэлторлық ұйымдар бизнесті әділ жүргізуге талпынады, алайда қазіргі кезде олардың қызметін реттеуші ұйымдар жоқ. Бұл жайт клиенттер үшін де, саланың беделі үшін де белгілі бір тәуекелдерді тудырады.

Осылайша, үкімет пен бизнес-қоғамдастықтың алдына риэлторларға сатып алу, сату және жалға беру қызметтерін ашық түрде ұсынуға, ал клиенттерге бұл қызметтерді қауіпсіз алуға мүмкіндік беретін механизмді анықтау міндеті қойылды.

Қазақстанның өзін-өзі реттейтін риэлторлар қауымдастығының вице-президенті Лариса Степаненко риэлторлық қызметтер нарығының ағымдағы жай-күйі мен проблемаларына тоқталды.

«Біз реттеуді жолға қою керек сатыда тұрмыз. Механизмдерді, соның ішінде лицензиялауды қарастыру және талқылау маңызды», - деп атап өтті Лариса Степаненко.

Осылайша, риэлторлық қауымдастықтар мен кәсіпкерлер Ұлттық экономика министрлігіне құрамына нарық өкілдері кіретін салалық кеңес немесе жұмыс тобын құруды ұсынды.

Ұлттық экономика министрлігі бұл бастаманы қолдады.  

Қазақстанның өзін-өзі реттейтін риэлторлар қауымдастығы президентінің кеңесшісі  Нина Лукьяненко жаңа топтың құрылуына қатысты пікірін білдірді.

«Қоғамда риэлторларға қатысты жағымсыз имидж қалыптасқан. Біздің кәсіби қоғамдастықтың міндеті – азаматтарға риэлторлық оң  және құрметті мамандық екенін түсіндіру. Ол үшін көп жұмыс істеп, қызметімізді реттеудің ең ыңғайлы және оңтайлы жолдарын табу керек», - деді спикер.

Жалпы, талқылау барысында риэлторлық білім алу, этикалық стандарттар, мамандыққа дұрыс кірісу, жылжымайтын мүлік нарығын ынталандыру мәселелері көтерілді.

Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП отандық риэлторлық кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі жұмысты жалғастыруға дайын және жылжымайтын мүлік нарығында әділ бәсекелестікке ықпал ететін ұсыныстар үшін ашық.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер