«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жалпыға бірдей салық реформасы бизнесті «көлеңкеден» шығаруға көмектеседі

2024 жылғы 15 Наурыз
7776 просмотров

Ұлттық палата бизнес-қоғамдастық өкілдеріне жаңа Салық кодексін әзірлеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде салық реформасы бойынша негізгі тәсілдерді таныстырды.

ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов жаңа Салық кодексіне ұсыныстарды талқылау және әзірлеу үшін Ұлттық палата жанынан құрылған жұмыс тобы жұмысының аралық қорытындысы туралы айтты. Салалық қауымдастықтар және кәсіпкерлермен бірнеше рет өткізілген жиналыстардың қорытындысы бойынша бизнестің жаңа Салық кодексіне маңызды тұстары мен негізгі тәсілдерін көрсететін ұсыныстар дайындалды.

Жиын барысында бизнес-қоғамдастық өкілдері онлайн және офлайн форматта барлық мәселені талқылау, бизнес-қоғамдастықтың позициясын одан әрі мемлекеттік органдарға жеткізу үшін ұсыныстар мен сараптамалық пікір білдіруге мүмкіндік алды.

Бизнестің белсенді позиция білдіруі нәтижесінде Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың ҚҚС мөлшерлемесін көтеру туралы ұсынысын қолдамады. Сондай-ақ, фискалдық органдар «e-Tamga» жүйесін енгізу идеясынан бас тартты. Жүйе іс жүзінде төлем жүйесінің баламасы болуға тиіс еді.

Ұлттық палата әзірлеген ұсыныстар кешені бірнеше бағытты қамтиды. Атап айтқанда, салық режимдерін әмбебап реформалау; еңбекақы төлеу қоры бойынша төлемдер жүйесін реформалау; елдегі инвестиция мен өндірісті ынталандыру; дивидендтерге салық салу.

Салық режимдерін реформалаудың маңызды алғышарттары салық түсімдерінің ағымдағы құрылымы, бизнесті ірілендіруге ынталандырудың болмауы, «көлеңкелі» жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі және т.б. сияқты факторлар болып отыр. Сондықтан Ұлттық палата жалпыға бірдей салық реформасын жүргізу арқылы салық төлеуші мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас жүйесін түбегейлі реформалауды ұсынды. Реформаны бизнес-субъектінің өлшеміне қарай үш режимді енгізу арқылы іске асыру ұсынылып отыр.

Осылайша, экономика құрылымы бизнесті ірілендіру қағидаты бойынша қалыптастырылатын болады. Бұл процесс салықтық міндеттемелерді орындаудың қарапайым тәсілімен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардан бастап, ШОБ деңгейіне көшу және одан кейінгі ірі бизнес деңгейіне дейін аралықты қамтиды.  

Реформаның нәтижесі рәсімдерді оңайлату және шағын және орта бизнес үшін ең төменгі жүктемені белгілеу, салықтарды төлеудің қарапайым тәсілдері және бизнесті заңдастыру болуы тиіс. Қаржы секторының субъектілері, жер қойнауын пайдаланушыларды қоса алғанда, ірі бизнес үшін негізгі капиталға инвестиция және жоғары қосылған құнды құру үшін әмбебап ынталандыруды көздей отырып, ағымдағы салық салу режимін сақтау ұсынылады. Сонымен қатар, орта бизнес субъектілері салық төлеудің өзгергіштігін және ірілендіруге кедергілерді жоюды алады.

Тимур Жаркенов ҚҚС төлеуші ретінде тіркелу мәселесінің маңыздылығын атап өтті.

 «Кәсіпкерлерге ҚҚС шегі тиіп кетпеуі үшін салық режимдерін қарастыруды ұсынамыз. Бұл айналымы 15 млр теңгеге дейінгі бизнес субъектілері. Демек, мемлекет расымен ірі бизнеске назар аударады. Егер бизнес ірі болса, оның айналымы осы белгіге жақындаса, онда оның саны шектеулі болады. Сәйкесінше мемлекет ірі бизнесті анықтай алады, сәйкестендіреді және оның ҚҚС төлеуін қамтамасыз ете алады. Бұл шара бюджетті толықтыруды қамтамасыз етуі мүмкін, бірақ екінші жағынан бизнес үшін салық төлеуді едәуір жеңілдетер еді», – деп нақтылады Ұлттық палата төрағасының орынбасары.

Кәсіпкерлер үшін келесі өзекті мәселе – еңбекақы төлеу қорына жүктеме. Қазіргі уақытта еңбекақы қорына жүктеме 38-40%-ға дейін жетеді.

«Мен негізгі жүктеменің мысалын келтіремін: қызметкердің қолына 100 мың теңге төлеу үшін кәсіпкерге белгілі бір қорларға қосымша 40 мың теңге төлеуі қажет. Нәтижесінде бұл өте үлкен жүктеме, бұл еңбек бойынша «көлеңкелі» нарықтың дамуын ынталандырады», – деді Тимур Жаркенов.

Еңбекақы қоры бойынша төлемдерді реформалау қажеттілігі төлемдердің едәуір санына ғана емес, сонымен қатар әр төлем үшін «өзіндік» базаның және есептеу шегінің болуына байланысты.

«Қазіргі кезекте мәселе осы төлемдердің мөлшерінде ғана емес. Оларды есептеу өте қиын. Төлемдердің әр түріне жеке сома, жеке төлем құжаты қажет. Яғни, бүкіл бухгалтерлік есепті жүргізу қажет, Бұл жайт бизнес үшін, әрине, қиын. Сондықтан, біріншісі – есептеу үшін базаны біріздендіруді ұсынамыз. Екіншісі – бизнестің барлық қаражатқа 20% аударуға дайын екені туралы консенсус пікірі бар», –деп түсіндірді Тимур Жаркенов.

Тағы бір маңызды мәселе – аударымдар бір ұйымға бір төлеммен жүзеге асырылуы. Мысалы, мемлекет «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы түскен барлық соманы өзі бөлді. Бұл шара мемлекет тарапынан әкімшілендіруді айтарлықтай жақсартады, сондай-ақ бизнесті ашық жұмыс істеуге шығаруға көмектеседі», – деп қосты спикер.

Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрайымы Тахмина Нағуманова ұсынылған салық режимдерін реформалау бизнеске өз қызметін тыныш және ашық жүзеге асыруға, сонымен қатар бизнестің шамасына қарай салық төлеуге мүмкіндік береді деп есептейді.

«Кеше ғана Мемлекеттік кірістер комитеті ҚҚС-ты әкімшілендіру бойынша өз ұсыныстарын таныстырды. Онда сату бойынша айналымнан ҚҚС үшін алдын ала төлемді енгізу жоспарланған. Біз бұған үзілді-кесілді келіспейміз. Өйткені бұл дегеніміз өндірістік кәсіпорындарда жетіспейтін айналым қаражатын бұру. Осы ұсыныстардан басқа, орта және жоғары шекті өнімдерді шығаратын өңдеу өнеркәсібі үшін қолданыстағы Салық кодексінің 411-бабына сәйкес, бірақ Кәсіпорындарды тіркеу мерзімін шектемей ҚҚС бойынша қосымша есепті сақтау қажет», – деп түйіндеді спикер.

«Атамекен» ҰКП және бизнес-қоғамдастық өкілдері егер мемлекеттік органдар ымыралы шешім тауып, бизнес ұсынған осы бастамаларды іске асыратын болса, онда бұл ел экономикасын дамытуға оң ықпал етеді.

Жиын презентациясы және материалдарымен сілтеме бойынша толығырақ танысуға болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер