«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҰКП делегациясы Бакуде: Әлем нарығында Қазақстанның әлеуеті ерекше

2024 жылғы 12 Наурыз
7709 просмотров

Баку қаласында Әзербайжан-Қазақ іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтті. Кеңестің ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжан Республикасына ресми сапары кезінде өтуі шараның жоғары деңгейін көрсетеді.

Қатысушылардың сапалық құрамы да ерекше: екі елдің төтенше және өкілетті елшілері Ағалар Атамоғланов пен Әлім Байел, ҚР Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев, ӘР Энергетика вице-министрі Самир Велиев, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы, Қазақстанның сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов, Ұлттық Кәсіпкерлер (Жұмыс берушілер) конфедерациясының президенті Мамед Мұсаев, Шағын және орта бизнесті дамыту агенттігінің (KOBIA) басқарма төрағасы Орхан Мамедов, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директор Тимур Турлов және басқалар.

Іскерлік кеңестің бірлескен төрағалары Аббат Үрісбаев (Қазақстан) және Ибрагим Алысой (Әзербайжан) болды. Іс-шараға 70-тен астам қазақстандық компания қатысты.

Кездесуде қазақстандық бизнес-қоғамдастықтың өкілі Мұрат Қарымсақов екі ел арасындағы тауар айналымы 2023 жылы  $500 млн құрағанын атап өтті.

Мұрат Қарымсақовтың айтуынша, 2023 жылғы тауар айналымының рекордтық деңгейі екіжақты қатынастардағы саяси және экономикалық тұтастығын білдіреді. Атап айтқанда, үкіметаралық сапарлар мен сауда миссияларымен алмасу тәжірибесіне көңіл аударылды.

Өткен жылы мұндай тәжірибе қазақстандық бизнесмендерге $50 млн-нан астам сомаға 8 келісімшарт жасасуға мүмкіндік бергенін атап өткен жөн.

Әзербайжанда Қазақстанның сауда үйі жұмыс істейді, оның міндеті – отандық тауарларды таратудағы сауда кедергілерін жою үшін ұсыныстарды қалыптастыру.

«Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы іскерлік кеңес елдеріміздің іскер топтары үшін жаңа бизнес-мүмкіндіктерді іздеудің тиімді алаңына айналып, екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық картадағы үлкен инфрақұрылымның маңызды бөлігі болып жатқанына қуаныштымын», - деді Сыртқы сауда палатасының төрағасы.

М. Қарымсақовтың айтуынша, дүниежүзілік нарықтың әртүрлі қатысушылары Орталық Азия нарығына географиялық орналасуы, шикізатқа бай болуы, дамыған адами капитал және саяси тұрақтылық үшін үлкен қызығушылықпен қарайды.

Атап айтқанда, Қазақстан цифрлық экономика мен инновациялық технологиялық жобаларды белсенді дамытып жатыр. Жасыл энергетиканы дамыту саласында үлкен әлеуетке ие, медициналық қызметтердің жаңа әдістерін енгізуде.

Сондай-ақ, сыртқы сауда палатасының төрағасы «ұзақ мерзімді жоабаларды жүзеге асыруға және түрлі мүмкіндіктерді табуға ұмтылатын әлеуетті инвесторлар мен бизнес-серіктестер Қазақстанда өз қызметінің географиясын кеңейту үшін қызықты болатынын» атап өтті.

Бұдан басқа, «Атамекен ҰКП мен Әзербайжан кәсіпкерлер ұйымдарының Ұлттық конфедерациясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер