"Атамекен" палатасы "Алтын сапа" және "Қазақстанның үздік тауары" конкурстарына өтінімдер қабылдайды
«Атамекен» ҰКП ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
«Алтын сапа» сыйлығы – ұйымның өнім және/немесе қызмет сапасы саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізгені, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізгені үшін конкурстық негізде беріледі.
Конкурсқа ҚР аумағында тауарлар өндірумен, қызметтер көрсетумен айналысатын ЖК және заңды тұлғалар қатыса алады.
Сыйлық төрт номинация бойынша үш санатта (шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектісі) беріледі:
1) «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;
2) «Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын»;
3) «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»;
4) «Азық-түлік тауарларын шығаратын үздік кәсіпорын және / немесе
ауыл шаруашылығы өнімін».
Байқауда «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлықтары тағайындалады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 2024 жылғы 1 шілдеге дейін www.altynsapa.kz сайтында қабылданады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: