«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«ҚазАгроФинанс» валюталық қарыздар бойынша қаржылық жүктемені төмендетпекші

2014 жылғы 14 Мамыр
8338 просмотров

«ҚазАгроФинанс» өзінің индекстелген шарттарға ие қарызгерлерінің қаржылық жүктемесін төмендету бойынша процедураларды бастағаны туралы хабарлайды.

Көптеген қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің (АШТӨ) рентабельділігі тіршілік етуге болмашы ғана көмектеседі, бұл жерде кеңейтілген жаңғыртылым туралы сөз қыла да алмайсыз. Атап айтқанда, жұмыртқа бағытындағы құс фабрикалары мемлекеттік қолдаусыз кері рентабельділікке ие. Сондықтан да кредиттер бойынша міндеткерліктерді сәл ғана ұлғайтудың өзі кәсіпорын экономикасына кері әсер етеді. Сонымен бірге, Ұлттық банк жүргізген теңге девальвациясы негізгі қарыз сомасын да көбейтті, сыйлықақы мөлшерлемесін де ұлға   йтып жіберді. «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қаржы құрылымдарынан АШТӨ алған кейбір қарыз шарттары бойынша сыйлықақы мөлшерлемесі  20% өскен, сондай-ақ негізгі қарыз көлемі де көтерілген.

«Отандық ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерді қолдау мақсатында, сондай-ақ «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің республиканың агрокәсіпорындары үшінАҚШ долларына қатысты ұлттық валюта бағамын түзетудің салдарын жеңілдету бойынша қолданған іс-шаралары аясында, «ҚазАгроФинанс» АҚ Басқармасы өзінің индекстелген шарттарға ие қарызгерлеріне қаржылық жүктемені төмендету бойынша процедуралардың бастау алғандығы туралы хабарлайды. Атап айтқанда – жасалған шарттар бойынша АҚШ долларының бағамы 182 теңгенің орнына 1 АҚШ доллары үшін 167,95 теңге мөлшерінде белгіленетін болады, бұл қарызгерлердің ұлттық валютаның ақпандағы төмендеуінің әсерін аз көлемде сезінуіне көмектеседі. Еуромен жасалған шарттарға қатысты да дәл осындай шаралар қолданылатын болады» - делінген «ҚазАгроФинанс»АҚ хабарламасында.

Сонымен қатар, «ҚазАгроФинанс» АҚ АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру бағдарламасына қатысу үшін құжаттар қабылдау бойынша процедуралардың басталғаны туралы хабарлайды. Қаржылай сауықтыру шарттарына қаржыландыру мөлшерлемесінің теңгемен жылдық 7%-ға дейінгі төмендеуі, қаржыландыру мерзімдерін 9 жылдан астам мерзімге ұзарту, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдар мен өсімпұлдарды) есептен шығару кіреді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер