«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодар облысындағы "Атамекен" палатасында өрт болған жағдайда жадынамалар таратылды

2024 жылғы 05 Наурыз
- Павлодар облысы
5922 просмотров

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының Ақсу қалалық филиалының алаңында Ақсу Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп ірі сауда үйлерінің өкілдеріне өрттердің туындау қаупін азайту үшін сауда объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары түсіндірілді.

Әңгімелесу барысында бизнес субъектілерінің басшыларына, қызметкерлеріне әрбір объектіде өрттің алдын алу және оларға қарсы күрес шаралары туралы нұсқама берілді.
Кәсіпкер өртке қарсы күзет жүйесінің жабдықтары бойынша қойған көптеген сұрақтарына жауап алды.
Диалогтан кейін оларға адамдар жаппай болатын объектіде өрт туындаған жағдайда іс-әрекеттер туралы жадынамалар таратылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер