«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кеден одағына қатысушы елдердің кедендік заңнамасын талқылау бойынша телекөпір өткізді

2014 жылғы 14 Мамыр
7987 просмотров

2014 жылғы 13 мамырда ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында КО кедендік заңнамасын талқылау бойынша Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы бизнес-сұхбатының жауапты өкілдерінің телекөпірі өтті.

Қазақстандық тараптан ҚР ҰКП және Алматы қаласының ӨКП өкілдері қатысты.

Талқылау барысында Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексі жобасымен жұмыс туралы ақпарат, сондай-ақ Ресей Федерациясының бизнес-қоғамдастығының сарапшылары дайындаған 12 жүйелік ұсыныс қарастырылды, олар төмендегілерге бағытталған:

1. резиденттік принципін алып тастау;

2. кедендік төлемдерді төлеуден толық немесе жартылай босатылуды қарастыратын тауарларды кеден процедураларына орналастыру туралы кеден органдарының шешімі және кеден органдарының тауарлар жіктемесі туралы алдын-ала шешімінің әрекетіне аумақтық шектеулерді алып тастау;

3. өкілетті экономикалық оператор (ӨЭО) институтын олардың мәртебесін әрбір аумақта өзара тану, жеңілдетудің бірыңғай процедураларын орнату жолымен жетілдіру;

4. ұлттықтың үстіндегі деңгейде (ЕЭК) тәуекелдерді басқару жүйесі жұмысының критерийлері мен принциптерін үйлестіру;

5. БҰҰ нұсқаулықтары негізінде «бірыңғай терезе» принципіне сәйкес кеден органдарының қызметін құру;

6. кеден төлемдерін төлеу мерзімін қаржылық кепілдік беру шартымен тауарларды шығарудан кейінгі сатыға жылжыту;

7. алдын-ала ақпараттандыру (АА) кезінде және тауарлар келіп жеткенге дейін АА тапсырған тұлғаларға хабарламалар, көлік құралы келгенге дейін/немесе келген сәтте бақылау бойынша қабылданған шешімдер туралы кедендік органдардың талдау жүргізуі;

8. тәуекелдерді басқару жүйесін талдау негізінде тауарларды шығару туралы шешімді автоматты түрде қабылдау;

9. тауарларды кедендік процедураларға орналастыру шарттарын нақтылау (мысалы, қайта өңдеу, еркін кеден аймағын, уақытша әкелуді);

10. реттеу мәні, мақсаттары, кедендік ережелерді орнату кезінде бизнес пен мемлекеттің мүдделері теңгерімін қамтамасыз ететін базалық принциптерді бекіту;

11. реттеу деңгейлері арасында органдар өкілеттігін нақты бөлу және сілтемелік нормаларды қысқарту;

12. СЭҚ қатысушыларымен кедендік органдардың консультациялық сипаттағы ресми қатынасын орнату және қолдау.

Талқылау барысында тараптар бизнес ұсынған бірқатар түзетулер ЕЭО кодексі жобасына кіргізілгендігіне қарамастан, дегенмен, оларды кәсіпкерлік қауымдастықтың жағдайын айтарлықтай жақсартады деп айтуға болмайды деген бір ойға келді. Сонымен бірге, түзетулердің соңғы редакциясын талқылау әлі аяқталған жоқ.

ҚР ҰКП өкілдері Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасының мемлекеттік органдары өкілдері енгізген кейбір ұсыныстардың қазақстандық бизнеске қайшы келетіндігін атап өтті, мысалы:

декларант тауарларды өзге кеден процедурасына орнатқан кезде кеден бажы сомаларынан пайыздарды орнату және төлету;
кедендік рәсімдеу кезіндегі декларацияда көрсету қажет мәліметтердің көлемін арттыру;
қамсыздандыру ретінде кедендік органдар қолданатын төлемдер тізімін (арнайы, демпингке қарсы және өтемдік баждар) кеңейту;
оларға қатысты кеден баждарының, салықтардың мөлшерлемесін орнататын, сондай-ақ жеңілдік беру шарттарын өзгертетін актілер жарияланып, бірақ күшіне енбеген тауарлар үшін алдын-ала кедендік декларациялауды қолдануға тыйым.

Өткізіліген кеңестің қорытындысы бойынша ҚР, БР мен РФ бизнес-диалогының ЕЭК Кеңесіне үш елдің бизнес-қауымдастығының халықаралық сауда мен кедендік реттеу процедураларын жеңілдетуге бағытталған ұсыныстарын ескеру өтінішімен бірлескен үндеуін дайындау туралы шешім қабылданды.

ҚР ҰКП кәсіпкерлік қауымдастықтардың өкілдерін ЕЭО Кеден кодексі жобасын талқылауға белсенді қатысуға шақыратынын қосымша хабарлаймыз.

Өздеріңіздің ұсыныстарыңызды/ескертулеріңізді ҚР ҰКП-на немесе a.sabdykeeva@palata.kz электронды поштасына жіберулеріңізге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер