Павлодарлық "Атамекен" бизнесті Наурызға үй-жайларды безендіруге шақырады
Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес субъектілерін Наурыздың құрметіне өз кеңселерін безендіруге, сондай-ақ өз клиенттері мен қызметкерлеріне мерекелік көңіл-күй сыйлауға шақырады.
"Халқымыз үшін Наурыз мейрамы әрқашан өркендеуді бейнелеген. Бұл күні жанжалдасқандар бір-бірін кешіріп, татуласты. Адамдардың жүректері мейірімділік пен рақымшылдыққа толы болды. Жалпы дастархан басында ақсақалдар жастармен жылы лебіздерімен бөлісті. Біздің ата-бабаларымыз Наурызды еңбек пен жасампаздық мерекесі деп санаған. Осы көктем күндерінде олар бұлақтарды тазартып, ағаштар отырғызды. Бір сөзбен айтқанда, Наурыз жаңарудың жаршысы болып саналды", - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жарқын мереке туралы.
Павлодар облысында Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс-шаралар бірінші наурызда басталады. Осыған байланысты "Атамекен" өңірлік палатасы барлық бизнес субъектілеріне наурыз айының ішінде көктемнің бірінші күнінен бастап мерекенің өзіне дейін өз үй-жайлары мен кеңселерін мерекелік түрде ұстауға шақырады.
"Наурыз – қуаныш сыйлайтын, жаңаратын, барша халықты біріктіретін күн. Бір-бірімізге мейірім сыйлап күлейік. Әрбір кәсіпкер өз компаниясында, фирмасында жақсы атмосфера мен кеңселердің салтанатты көрінісін құруға қамқорлық жасасын. Әрбір азаматқа жарасатын әдемі ұлттық киімдерді киейік, әсіресе осы тамаша мерекеде! ", - деді Павлодар Ертіс өңірінің бизнес өкілдеріне «Атамекен» өңірлік палатасының директоры Ерқанат Әбенов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: