«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

VII Астана экономикалық форумы – Еуразиялық экономикалық одақтағы бизнестің әрекеттестігін күшейту мүмкіндігі

2014 жылғы 14 Мамыр
8431 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы VII Астана экономикалық форумын ортақ ұйымдастырушы болып табылады және БЭК «Еуразиялық экономикалық одақ жолында» Бизнес-сұхбатының Іскерлік конгресінің Сессиясын өткізеді (2014 жылғы 21 мамырда сағат 10.00-13.00 аралығында).

Сессия жұмысының мақсаты экономикалық интеграция жағдайындағы бизнестің әрекеттестігін күшейту, КО, БЭК елдері арасындағы өзара сауда, инвестициялық және индустриалдық байланыстарды дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, ұлттықтың үстіндегі органмен тиімді және теңдестірілген әрекеттестік болып табылады.

Спикерлер құрамы КО және БЭК ұлттықтың үстіндегі органының, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бірінші тұлғаларынан, интеграция саласындағы жетекші сарапшылар, сондай-ақ үш елдің бизнес-қоғамдастығының өкілдерінен тұрады.

Тимур Сүлейменов  (БЭК экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқасының Мүшесі (Министр) келесі тақырыптағы баяндама жасайды: «Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыру жағдайындағы КО және БЭК мемлекеттері бизнесінің даму келешегі», Владимир Гошин (БЭК Кедендік серіктестік жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) - «Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексін даярлау процестері және новациялар туралы».

Сессия аясында келесі мәселелерді талқылау жоспарлануда:

- Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт: күшті және әлсіз жақтары;

- КО және БЭК қатысушы елдер арасындағы өзара саудадағы проблемалы мәселелер және даму жолдары;

- Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің даярлану процестері және новациялар туралы;

- Дүниежүзінің түрлі өңірлерінің экономикасындағы заманауи интеграциялық процестер: жаңа тенденциялар және шақырулар.

- Еуразиялық экономикалық комиссияның халықаралық шарттары мен шешімдері жобаларының КО және БЭК аумағындағы кәсіпкерлік іс-әрекетті жүргізу шарттарына әсерін бағалау: реттеуші ықпал етуге бағалау жүргізудегі еуразиялық ұстаным.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ЕАЭО аясында бизнесті дамыту бойынша құзыретті пікірталас форматында пікір алмасу жүргізуге мүмкіндік беретін Сессия жұмысына қатысуға барлық тілек білдірушілерді шақырады.

Мына сайтта тіркеле аласыз: http://astanaforum.org/2014/ru/

(Тіркеу 2014 жылғы 16 мамырға дейін ашық)


Еншілес ұйымдар

Серіктестер