«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шетелдік инвесторлардың Қазақстанның тау кен өндіру саласын дамытуға қызығушылығы жоғары

2024 жылғы 28 Ақпан
7418 просмотров

Қазақстнның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының жобасы ТМК даму стратегиясының негізі болуға тиіс. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Бижанова «Қазақстанның тау-кен өндіру саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру» конференциясында мәлімдеді.

Конференцияға сала көшбасшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері және дипломатиялық өкілдіктер қатысты. Конференция маңызды тау-кен компанияларының жаңа Жер қойнауы туралы кодекспен жұмыс істеу тәжірибесімен алмасуға, сондай-ақ жуырда Кодекске ұсынылған өзгертулерді талқылауға арналды. Конференцияның аясында пленарлық отырыс және екі панелдік сессия өтті. Жиында саланың, мемлекеттік органдар мен дипломатиялық өкілдіктердің жоғары қызметтегі өкілдері сөз сөйледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның тау-кен өнеркәсібін дамытудың ұлттық өркендеу үшін маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. 2018 жылы «ҚР жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Кодексі күшіне енгізілгеннен кейін көптеген «Қазақстандық Тау-кен Палатасына» мүше компаниялар Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіне инвестициялай бастады. Бұл Кодекс тау-кен және геологиялық барлау қызметін лицензиялауға және реттеуге анағұрлым көп айқындық пен тиімділікті қамтамасыз етеді және Қазақстанның пайдалы қазбаларды өндіру саласында әлемдік көшбасшы болу стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады.

ҚР Индустрия және құрылыс министрі Қ.Б. Шарлапаев мырза конференцияны ашып, саланың инвестициялық әлеуетін одан әрі арттыру үшін заңнама мен рәсімдерді жеңілдетудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ол инвесторлар үшін жағдайларды жақсартуға бағытталған Жер қойнауы туралы кодекске болашақта енгізілетін түзетулер пакеті туралы құлақтандырды.

«Мүдделі тараптар мен тау-кен бизнесінің ұсыныстары ескерілген Жер қойнауы туралы кодекске енгізілетін түзетулер пакеті инвесторлар үшін жағдайды жақсартуға бағытталған 100-ден астам ерекшелікті қарастырады. Біз минералдық-шикізаттық кешенді Қазақстанның экономикалық өркендеуінің іргетасы деп санап, оны одан әрі дамытуға және нығайтуға ұмтыламыз» деп түсіндірді министр.

 Панельдік отырыстар Қазақстанның жер қойнауын пайдалануға салынған инвестицияларға әсер ететін заңнамалық база, сондай-ақ инвестициялық шешімдерге әсер ететін геологиялық және экологиялық аспектілерге арналды.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Бижанова «Мемлекет тарапынан жер қойнауын пайдалану сияқты күрделі процестің әртүрлі тараптарын реттейтін заңнамаға өзгерістер енгізілгенін» атап өтті.

 «Бүгін Сала стратегиясының жоқ болуы заңнаманың жиі өзгеруі, жер  қойнауын пайдаланушылардың бизнес-стратегияларында ескерілмейтін жаңа нормативтік құжаттардың қабылдануы үшін жағдай туғызады. 2029 жылға дейінгі Қазақстанның Ұлттық даму жоспары жобасы Стратегияның негізі болуы керек. Стратегиялық жоспарлау агенттігі оны талқылауға ұсынды. Біздің Палатамыз оны қайта қарауға белсенді қатысуда», – деді Гүлнар Бижанова.

  Сонымен қатар конференцияға АҚШ, Ұлыбритания және Канада елшілері қатысып, олар жаңа Кодексті әзірлеуді, зерттеуді, ынтымақтасу мен реформалауды қолдады. Олар Қазақстанның инвестицияларды тартудағы әлеуетін барынша көбейту бойынша өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын айтып, тұрақты әрі ашық сот және салық режимінің келіп жатқан инвесторлар мен компанияларға сенімділікті қамтамасыз ету үшін қажет екенін растады. Сонымен бірге, шетел инвестицияларын салық базасының ұлғаюына жәрдемдесетін экономикалық өсу қозғалтқышы ретінде қарастыру керек екені атап өтілді.

 «Қазақстандық Тау-кен Палатасының» Байқаушы Кеңесінің мүшесі Тим Барри мырза әлемде мыс қорын барлаудың маңыздылығы мен оларды өндіру кезінде компаниялар кездесетін проблемаларды атап өтті. Жаңа коммерциялық кен орындарын ашып қана қоймай, оларды ашуға жәрдемдесетін мемлекеттік қолдау мен саясат арқылы қолайлы орта құру арқылы да Қазақстанның әлемдік мыс нарығында маңызды ойыншы болуға әлеуеті бар екенін баса айтты.

«Әлемде 40 ірі, бірақ өңделмеген кен орындары бар, олардың жалпы қоры шамамен 470 млн тонна деп бағаланады. Егер оларды өңдеуге байланысты проблемалар болмаса, олар әлемдік сұранысты қанағаттандыра алатын еді. Бізге мысты жеткізуді ұлғайту қажет, әрі Қазақстан бұл тұрғыдан нарықта өте маңызды ойыншы болып табылады. Мысал ретінде Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай ірі кен орны жылына 200 000 тоннадан астам мыс өндіреді. Бірақ мысқа деген әлемдік қажеттілікті қанағаттандыру үшін жақын арадағы он жылдықта және одан әрі бізге әр жылы өңделетін осындай бірнеше ірі шахта керек. Қазақстандық Тау-кен Палатасының» президенті Р.Н. Баймишев мырза конференцияда сөз сөйлеп, жаңа ғаламдық инвесторлардың келгенін атап өтті: «Бүгін бізде Rio Tinto, Fortescue, Teck және BHP секілді нарықтық капиталы миллиардтаған доллармен өлшенетін, Қазақстанға пайдалы қазбаларды барлауға инвестициялайтын бірнеше жетекші әлемдік тау-кен компаниялары бар», – деді спикер.

Сонымен қатар ол: «Палатаға мүше-компаниялар 25 мың шаршы километрден асатын ауданда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде, инвестициялардың көлемі GIIN-ге жыл сайынғы мемлекеттік шығындардан асып түсті, әрі бұл сомалар тиісті салық және әлеуметтік төлемдермен бірге өсуін жалғастыруда. Сонымен қатар 2 аукционның қорытындысы бойынша қол қойылатын бонустар 7,8 млн АҚШ долларынан асты. Бүгін профильдік министрлік іс жүзінде инвесторлардың барлық мәселелерін «бір терезе» қағидасы бойынша шешуге қабілетті. Өйткені ӨҚМ салалық бөлімшелеріне және басқаларға байланысты ұзақ үзілістен кейін ол геологтарды, жер қойнауын пайдаланушыларды және өнеркәсіпті біріктірді. Яғни өңдеу өнеркәсібін заңнамалық деңгейде қолдау арқылы геологиялық барлауда инвестициялық ахуалды бұзу мүмкін емес, тіпті 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары жобасында көрсетілген жағымсыз салдарларды барынша азайту қажет», – деп атап өтті.

 Отырыстың соңында East Star Resources бас директоры Алекс Уолкер мырза барлық қатысушыларға алғыс айтып, Президенттің және министрлердің ниеттерінің, сондай-ақ құқықтық базаға өзгертулердің жобасының арасында бұрынғыдай алшақтық болса да, оны әрдайым ескеру қажет болса да, Қазақстан әлі де болса зерттеулер жүргізу үшін тамаша жер болып табылатыны, әрі компаниялар да, үкімет те өзгермелі жүйе жағдайында нақты шешімдер іздеу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруы керек екенін атап өтті.

Қазақстандық Тау-кен Палата бұл процесте барлық тараптар үшін ақпарат пен қолдаудың көзі болғысы келер еді. Конференция 160 астам қатысушыны жинап, тәжірибемен алмасу және тау-кен саласын дамытудың стратегияларын талқылау үшін алаң қалыптастырды. Конференцияға қатысушылар халықаралық инвесторлардың Қазақстанға деген қызығушылығын растап, оның инвестицияларды тарту және тау-кен саласын одан әрі дамыту үшін әлеуетіне сенімділігін білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер