«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында қызметкерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды

2014 жылғы 13 Мамыр
7734 просмотров

2014 жылдың 12 мамырында Ұлттық кәсіпкерлер палатасында қызметкерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру жүйесін ары қарай жетілдіру мәселесі бойынша жұмысшы кеңесі өтті.

Кездесуге Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жакупова, Ұлттық Банк, «Қазцинк» ЖШС, «Қазақмыс» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, ENRC Kazakhstan, Сақтандыру қауымдастығы мен Қаржыгерлер қауымдастығының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Ұлттық Банктің өкілдері «Қызметкерді жазатайым оқиғадан сақтандыру туралы» қолданыстағы заңнамаға өзгертулер енгізу бойынша жұмыстың атқарылып жатқандығы туралы хабарлады және ол келесі мәселелерді қамтиды:

бірыңғай сақтандыру тарифін орнату, ол қабылданған міндеттемелерге сақтандыру сыйлықақы баламалылығын қамтамасыз етуге және айлакерліктен құтылуға мүмкіндік береді;
сақтандыру төлемақыларын оңтайландыру және синхрондау (сақтандыру төлемақысы мен сақтандыру сыйлықақысы көлемін анықтау үшін әр қызметкерге ең төменгі жалақының 10 есе көлемінде табысты шектеу, сондай-ақ сақтандыру төлемақысы көлемін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алатын әлеуметтік төлемдер сомасына азайту);
зиян шеккен адам зейнетақы жасына жеткенге дейін, сақтандыру төлемдерін 10 % міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) міндетте ұстап қалумен сақтандыру төлемақысын төлеу;
қызмет көрсету дерегі бойынша растайтын құжаттар негізінде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін (ТМККК) ескере отырып, медициналық шығындарды өтеу;

Ұсынылған өзгертулерді Парламент Мәжілісінде қарастырылып жатқан «Кейбір заңнамалық актілерге сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы аясында қарастыру жоспарланған.

Сонымен қатар жұмыс берушілердің өкілдері ұсынылып отырған өзгертулерге қатысты өз позицияларын білдірді. Сондай-ақ, ҚЖОС бойынша заңнамаға өзгертулер енгізу үшін экономикалық тәуекел, сақтандыру нарығының тұрақтылыққа жетуі мен болжалды қаржылай шығындар (өсім/төмендеу) бойынша жұмыс берушілер мен сақтандыру нарығы үшін заңнама өзгертулерінің салдарын толыққанды зерттеп, оларға экономикалық талдау жасау қажет екендігі аталып кетті.

Жұмыс берушілерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайларын жақсартуға ынталандыру қажеттілігіне баса назар аударылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер