«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлытау облысында кәсіпкерлер облыс әкімімен проблемалық мәселелерді талқылады

2024 жылғы 23 Ақпан
- Ұлытау облысы
6524 просмотров

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының кәсіпкерлермен кездесуінде өңір кәсіпкерлерінің проблемалық мәселелері талқыланды.

Іс-шара модераторы, Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженованың айтуынша, бизнес-қауымдастық пен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өтетін кездесулер бизнес үшін өте маңызды: олар мемлекеттік органдармен бірлесіп кәсіпкерлік мәселелерін шешудің және өзара іс-қимылдың нақты тетігін құруға мүмкіндік береді.

Кеңес жұмысына облыс прокуроры Жасұлан Еламанов, өңірлік кеңес мүшелері және шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Кәсіпкерлік қызметтің әр түрлі бағыттары, соның ішінде кәсіпкерлер палатасы жанындағы салалық кеңестер барысында талқыланған тақырыптар көтерілді.

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер Палатасы өңірдің бизнес-қоғамдастығын қолдау және қорғау бойынша үлкен көмек көрсетеді. Палата жанынан кәсіпкерлердің қажеттіліктері мен проблемаларын анықтауға бағытталған салалық кеңестер мен Бизнес құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес құрылды. 
Облыста ШОБ қолдау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңес құрылды. 2023 жылы кәсіпкерлермен 40-тан астам ресми және жұмыс кездесулері өткізілді. 3000-нан астам ШОБ субъектілеріне бизнесті ашу және жүргізу және мемлекеттік қолдау шараларын алу бойынша ақпараттық-кеңес беру қызметтер көрсетілді.

Негізгі капиталға салынған инвестиция аясында 2023 жылы 200 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 10 миллиард теңгеге үш жоба іске қосылды. 2024 жылы 700 жұмыс орнын құрумен 16 жобаны енгізу жоспарлануда. Сауда және қызмет көрсету саласында 2023 жылы облыс бойынша жалпы сомасы 1,9 млрд.теңгеге 69 жаңа кәсіпкерлік нысаны ашылды. Өсім 26 пайызды құрады.

Кәсіпкерлер мен фермерлердің проблемалық мәселелері баршылық, мәселен — Коммуналдық қызметтерге тарифті төмендету, “қызыл белдеу” орнату, балабақшалардағы тамақ мәселесі, ветеринариялық зертхана ашу, өткізу нарығының болмауы, өнеркәсіптік аймақты дамытуға және мысты одан әрі өңдеуге бағдарланған индустриялық аймақ құру, мал азығын өсіруге арналған арнайы аймақтарды анықтауға қатысты мәселелер бар. 
ШОБ өкілдері "жасыл экономикаға" инвестиция тарту және экологиялық мәселелерді шешу үшін қайта өңдеуге (техногендік минералдық түзілімдерге) назар аударуды сұрады. Сондай-ақ, Кешенді жоспарға Жезқазған қаласында Сауда-логистикалық хаб құру және көлік-логистикалық орталықты (КЛО) дамыту енгізілсе дейді.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестицияларды дамытуға және өңірге инвесторларды тартуға ерекше назар аударғанын ескере отырып, "Ulytau Invest -2024" инвестициялық форумын және "Қазақмыс корпорациясының қатысуымен шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламаларын" өткізу жөнінде ұсыныс айтылды. "Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі" жобасын енгізу Президенттің тапсырмасын қолдауға мүмкіндік береді.

Кездесуді қорытындылай келе, облыс басшысы Берік Әбдіғалиұлы бизнес-қоғамдастықтан айтылған проблемалар назардан тыс қалмайтынын, олардың барлығын әрі қарай шешу үшін бақылауға алынғанын атап өтті.
Кездесуден кейін облыс әкімі кәсіпкерлерді жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер