«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодар "Атамекенінде" білім беру ұйымдарында тамақпен қамтамасыз етудің жаңа қағидалары түсіндірілді

2024 жылғы 21 Ақпан
- Павлодар облысы
8486 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында салалық білім беру кеңесінің отырысы өтті, онда бизнестің бірқатар мәселелері көтерілді. "Атамекен" ӨКП директоры Ерқанат Әбенов өткізген кездесуге, Алматыдан Қазақстанның мектептік тамақтандыру кәсіпорындары қауымдастығының вице-президенті Салтанат Лесбаева арнайы шақырылды.

Салтанат Лесбаева кәсіпкерлерге, мемлекеттік білім беру органдарының өкілдеріне 25 желтоқсанда қабылданған білім беру мекемелерінде тамақтануды ұйымдастыру және балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларына өзгерістер мен түзетулерді түсіндірді. Жетінші қаңтарда бұл құжаттағы өзгерістер күшіне енді.

Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс өткізудің міндетті шарты конкурстық құжаттама жобаларын алдын ала талқылау болды. Ол бекітілмес бұрын тапсырыс беруші жобаны порталда бес жұмыс күні ішінде орналастырады, ал конкурсқа қатысқысы келетін әлеуетті өнім берушілер өз ескертулерін жолдайды және құжаттаманың ережелерін түсіндіруге жүгінеді.

"Бірақ тамақтану бойынша конкурстар бұл талқылауды порталда өткізуге мүмкіндік беретін бизнес-үдеріспен пысықталған жоқ. Бұл конкурстарды өткізуге мүмкіндік бермейді. Портал пысықталғанға дейін, функционал қолданысқа енгізілмегенге дейін, құжаттама ережелерін талқылау қойындысы жоқ",-деп түсіндірді ҚР мектеп тамақтандыру кәсіпорындары қауымдастығының вице-президенті.

Қазір мемлекеттік сатып алуды өткізуге конкурстар өткізу мүмкін емес, өйткені ұйымдастырушы мен тапсырыс беруші қорытынды жасай алмайды: ескі ережелер күшін жойды және балл қою заңсыз болады; жаңа функционал жаңа ережелер бойынша конкурс өткізу үшін әлі жұмыс істемеді, деп қосты ол.

"Жергілікті жерлерде бухгалтерлер, мектеп директорлары тамақтандыруды ұйымдастыру нормаларын, ережелерін толық біле бермейді және бұл көптеген мектептердің кәсіпкерлердің құқықтарын, заңды мүдделерін елеулі түрде бұзуға жол беруінің себебі болуы мүмкін, ал бұл, сайып келгенде, көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер етеді", - деді Салтанат Лесбаева.

Павлодар "Атамекен" ӨКП салалық білім беру кеңесінің отырысында барлық мәселелерді талқылағаннан кейін Кеңестің жаңа төрағасы сайланды. Ол Әлия Түсіпбекова болды. Бұрынғы төраға Валерий Якутов өз өкілеттіктерін тастады, өйткені ережелер бойынша олардың жылдық мерзімі аяқталды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов оған адал еңбегі үшін алғыс білдіріп Валерий Якутовқа алғыс хат табыс етті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер