«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысының әкімі өңірлік бизнес-қоғамдастықпен кездесті

2024 жылғы 14 Ақпан
- Ақмола облысы
15419 просмотров

Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында облыс әкімі Марат Ахметжановтың өңірлік кеңес және ӨКП салалық кеңестерінің өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында салалық кеңестерде көтерілген бизнестің жүйелі мәселелері талқыланды. Фермерлер үшін тұқым қоры және оң кредиттік тарихты сақтау жөніндегі мәселені өңірлік кеңестің төрағасы Қуаныш Рақышев айтты.
2023 жылғы егіс науқаны оңтайлы болғанына қарамастан, вегетациялық кезең құрғақшылық жағдайында өтті. Егін ору ұзаққа созылған жауын-шашынмен бірге жүрді. Бұл жайт жаңа дақылдың астық сапасының нашарлауына, бидайдың өніп кетуіне, жоғары ылғалдылық пен рефакцияға, сондай-ақ дәнді дақылдардың төмен өнімділігіне әкеп соқты. Былтырғы егіннің шамамен 50%-ы тамырланып кетті. Қалған астық су күйінде жиналды, оны кептіру керек болды, бірақ бұл жағдайда оның өнгіштігі жоғалды. Сондықтан алдағы егіс науқанының басты мәселесі тұқым іздеу болады.


«Алдағы маусымда тұқым бойынша ұсыныстар шектелетінін ескере отырып, ауыл шаруашылығы өндірушілерін тұқым қорын қалыптастыру үшін тұқым шаруашылықтарында және сатушыларда тұқымның болуы туралы жедел ақпаратпен қамтамасыз ету қажет. Бұдан басқа, ұзартылған міндеттемелердің биыл қаржыландыруға әсерін болдырмау орынды», - деп санайды Өңірлік кеңестің төрағасы.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Кенеш Әлімжановтың айтуынша, ведомство аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне байланыстары бар тұқымдардың болуы туралы деректерді жолдаған. Қажет болған жағдайда фермерлер Азық-түлік корпорациясына жүгіне алады, онда жеткілікті мөлшерде астық бар.
АӨК саласындағы тағы бір проблема жайында «Шаңырақ» басқарушы компаниясы» ЖШС Бас директоры, «CAPITAL PROJECTS LTD» ЖШС негізін қалаушы Максим Божко айтып берді. Оның айтуынша, бүгінде ет және құс шаруашылығы саласында субсидия төлеу үшін қолма-қол ақша жетіспейді.

Мал шаруашылығын субсидиялау бойынша облыстық бюджеттің тапшылығы жүйелі сипатқа ие. Сондай-ақ, ол Ақмол ауылында майлы дақылдарды қайта өңдеу, құны 1 млрд теңге болатын инвестициялық жобаны іске асыру және Софиевка ауылында 2 млрд теңгеге асыл тұқымды тауық репродукторларын өсіру жоспарларымен бөлісті.


«Жыл сайын өтінімдер бойынша субсидиялардың 60%-дан астамы жыл соңында төленеді немесе келесі жылға қалады. Жылдың ортасында ақшалай қаражат таусылып, уәкілетті орган түрлі көздерден іздестіріліп жатқан қосымша қаржыландыруға өтініммен жоғары тұрған органға жүгінеді. Мынадай сұрақ туындайды: бюджетті жоспарлау қалай жүріп жатыр және неге Ақмола облысында субсидия төлеу бойынша жыл сайын проблемаға айналады? Біздің өңір мал шаруашылығы өнімдерін ірі өндірушілердің бірі, алайда 2023-2025 жылдарға арналған субсидия көлемі бойынша облысымызға СҚО мен Қостанай облысына қарағанда 1,5-2 есе аз бөлінеді», –деді Максим Божко.

Өз кезегінде облыс әкімі субсидиялар мен қаржы ресурстарын тиімді пайдалану арқылы кәсіпкерлікті қолдау мен өндірісті ынталандырудың маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ өнеркәсіптік секторды жаңғырту және агроөнеркәсіптік кешеннің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге көшу қажеттігін айтты.

Автобус жүргізушілерінің жетіспеушілігі мәселесін «Көкшетау автобус паркі» ЖШС президенті Әсия Шаримова тағы да айтты.

«Жүргізуші куәлігі санаттарын берудің қолданыстағы регламенті жүргізушілер тапшылығының өсуінің негізгі себебі. «D»санатындағы көлік құралдарын басқару құқығына куәлігі бар адамдар жүргізуші бола алады. Сонымен қатар, олар 25 жасқа толуы, жүргізуші ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде «D1» кіші санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі кемінде үш жыл болуы тиіс», – деп атап өтті спикер.


Марат Ахметжанов өңірлік палатамен бірлесіп, жағдайды талдау және жүргізушілердің мәртебесін арттыру бөлігінде халықаралық тәжірибені қарауды тапсырды.

Ақмола облысының туризм қауымдастығының төрағасы Қайрат Сұлтанов Ақмола облысында туризмді дамыту үшін Көкшетау әуежайының жаңа әуе бағыттарын ұсынды.



«Негізгі жазғы кезеңде Омбы мен Тюменьге халықаралық әуе бағыттарын ашуға қолдау және көмек көрсетуді сұраймыз. Бұл шара өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға және жолаушылар ағынын арттыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде өңірдің инвестициялық тартымдылығына оң әсер етеді»,– деді Қайрат Сұлтанов.

 

Айта кетейік, өткен жылы туристік пакеттер бойынша автобустармен өңірге тек Омбы қаласынан 6 мыңнан астам турист келді. Туристік қауымдастықтың есептеулері бойынша ыңғайлы маршруттардың ашылуы жазғы кезеңде 24 мыңнан астам ресейлік туристі тартуға мүмкіндік береді.

Сұйытылған мұнай газының қосымша көлемін бөлу мәселесін Құрылыс және ТКШ кеңесінің төрағасы Мұхтар Есенов көтерді. Оның айтуынша, салалық кеңестің қарауына құрылыс кірпішін өндірушілер болып табылатын және айына 700 тоннаға жуық газ қажет болатын бірқатар кәсіпкерлердің өтініштері келіп түскен. Өкінішке орай, бірде-бір газ желісі ұйымы мұндай қажеттілікті қамтамасыз ете алмайды. Айтпақшы, тамақ өнімдерін өндіретін кәсіпорындарда да осындай проблема бар. Мысалы, тауық мяса өндіретін ірі кәсіпорында газ тұтынудың орташа көлемі айына шамамен 1800 тоннаны құрайды. Сонымен қатар, бөлу кезінде бұл көлем әр газ желісі компаниясына пайызбен бөлінеді.

Энергетика министрінің 22.01.2022 ж. №22 бұйрығымен сұйытылған мұнай газын сатып алу ережелеріне шектеулер енгізілгені белгілі. Нәтижесінде, қойманың, құю станциясының және басқа да қажетті газ жабдықтарының болуына қарамастан, кәсіпкердің зауыттан тікелей сатып алу мүмкіндігі жоқ, өйткені 12-тармаққа сәйкес тапсырыс өз қажеттіліктері үшін сатып алу ретінде қарастырылады.


«Өкінішке қарай, өнеркәсіптік тұтынушылардың сұйытылған газды тікелей сатып алу мүмкіндігін болдырмайтын қабылданған түзетулер жасанды делдалдар базасын құрады және осылайша газдың құнын арттырады, бұл дайын өнімнің қымбаттауына әкелетін экономикалық негізсіз шара болып табылады. Біз ережелерді қайта қарауды сұраймыз, өйткені іс жүзінде кәсіпорын өз көлемін ай сайын барлығынан іздейді, көлемнің жүз пайыз болатынына кепілдік жоқ, газды бөлу тәсілін өзгертеді және бір жеткізушіге үлкен үстемеақысыз белгіленген бағамен береді. Облыстық басқару деңгейінде бұл мәселені шешу мүмкін емес және орталық органдардың араласуын талап етеді», – деді Мұхтар Есенов.

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек бизнес-қоғамдастықтың кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттері мен проблемаларын шешу үшін мемлекеттік билік органдарымен тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында құрылған салалық кеңестердің қызметі туралы хабардар етті. Бүгінгі таңда Өңірлік палата алаңында 6 салалық кеңес жұмыс істейді (ТКШ және құрылыс, туризм және экология, АӨК, медицина және білім, өңдеу өнеркәсібі, сауда және қызметтер).

Кездесуді қорытындылай келе, облыс әкімі бизнес-қоғамдастыққа талқыға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінгі таңда көтерілген тақырыптар кәсіпкерлердің жеке мәселелері емес, ортақ мақсаттарға жетудің, өңірді дамытудың қамы. Біз инвестиция тартуға және шағын және орта бизнеспен ынтымақтастықтың жаңа жолдарын табуға тырысамыз. Бірлескен күш-жігермен бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасай аламыз және ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ете аламыз. Біз бюджетті бақылаудан нәтижелерге бағдарлануға ауыса отырып, мемлекеттік басқарудың рөлін қайта қарастырамыз. Біздің міндетіміз – бюрократиялық кедергілерді жою және бизнестің еркін дамып, өңір экономикасына үлес қосуы үшін сенімді қатынастар құру», – деп түйіндеді өңір басшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер