«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көлік министрлігінің бұйрығы автомобильмен жүк тасымалдаушылар жұмысына қауіп төндіріп тұр

2024 жылғы 14 Ақпан
9627 просмотров

 Осы жылдың 10 ақпанынан бастап Көлік министрлігі халықаралық автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесінің қағидаларына өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістер Еуропа елдерінде отандық компаниялардың жүктелуіне кепілдік беретін нормаларды жояды. Өзгеріс жүргізушілері, 5 мыңға жуық автокөлік бірлігі бар 1 мыңнан астам қазақстандық шағын және орта компанияға теріс әсер етеді.

Осыған байланысты енгізілген өзгерістер отандық бизнес пен салалық қауымдастықтардың наразылығын тудырды. Өйткені қатаң бәсекелестік жағдайында көлік министрлігінің позициясы ұлттық тасымалдаушылардың мүддесін елемей, шетелдік компаниялардың қызметін қолдауға ықпал етеді.

«Атамекен» ҰКП тасымалдаушылардың позициясын қолдайды. Өйткені Көлік министрлігі енгізген өзгерістер халықаралық шарттардың нормаларына қайшы келеді. Соның ішінде ЕАЭО Кеден кодексінің 275-бабы бұзылып отыр. Бұл бап автомобиль көлігі саласындағы үшінші тараппен халықаралық шарттарда көзделген болса, шетелдік тіркемелерді (жартылай тіркемелерді) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тасымалдаушылары пайдалана алатынын регламенттейді», – дейді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин.

  Салалық министрліктің позициясы бизнестің алдағы сын-қатерлер мен тәуекелдрге қатысты позициясы ескермейді, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын бұзатынын атап өткен жөн.

 Бизнестің наразылығын Парламент Мәжілісінің депутаты Болатбек Нажметдинұлы да жеткізді.

«Бұйрыққа өзгеріс енгізілгенге дейін тасымалдауға қолайлы жағдай жасалды. Отандық тасымалдаушы Еуропаға барып, жүкті алып кететіне сенімді болды. Ал енді отандық тасымалдаушылардың жұмысы қиындады. Олар саланы дамытамыз деді, жаңа көлікті лизингке алды, жүргізушілерді оқытты, несие алды. Енді жү ктасымалдауға кепілдік жоқ. Өйткені Көлік министрлігі отандық тасымалдаушының мүддесін ойламай, шетелдік тасымалдаушыны жоғары қойды», – деді  Болатбек Нажметдинұлы.

ҚР «ҚазАТО» халықаралық автомобиль тасымалдаушылары одағының президенті Мақсат Сақтағанов сала мәселесін де атап өтті.

«Геосаяси жағдайға байланысты  қазақстандық тасымалдау нарығындағы жоғары бәсекелестік, автопарк саны мен сапасы жоғары көрші елдер компанияларының «релокациясы» және ұлттық мүддені қорғау жөніндегі нақты шаралардың болмауы 1-ден 50-ге дейін автокөлік құралы бар отандық шағын және орта бизнес кәсіпорындарын тізе бүктірді. Өйткені бізге Ресей мен Беларусь терминалдарына қайта қосылуға рұқсат берілмейді, егер олар берсе де тек қалдық принцип бойынша», – деп түсіндірді сарапшы.

Сонымен қатар, қазіргі жағдай көп сұрақ туғызады. Көлік министрлігінің кейінгі тасымалдаушылармен тасымалдау кезінде алдыңғы тасымалдаушының рұқсат бланкісін ұсыну талаптары іс жүзінде орындалмайды. Өйткені бұл рұқсат бланкісі үлестес компаниялар арасында берілуі мүмкін.

 «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағының бас директоры Ерлан Абсатов өзгеріс салдарын сипаттады.

«Жүкті қайта тіркеуге/қайта тиеуге тыйымды алып тастау Еуроодақ елдері – ЕАЭО және Орталық Азия бағыттары бойынша тікелей жүктерді жеткізу үшін отандық тасымалдаушылардың тиелмеуіне байланысты үлкен тәуекелдерге әкеп соғады. Өйткені Ресей Федерациясы мен РБ шекара маңындағы терминалдарына дейін тасымалдауды жүзеге асыратын еуропалық тасымалдаушыларды жүктермен қамтамасыз етуде басымдық болады. Бұл сондай-ақ ЕО елдерімен рұқсат бланкілерін айырбастау бойынша келіссөздерді қиындатады және отандық тасымалдаушыларды нарықтан одан әрі вытыстыруға әкеледі», – деді сарапшы.

Бұған қоса ЕАЭО ішкі тасымалдауында қазақстандық жүргізушілер үшін Ресей мен Беларусь арасында Езерище-Лобок өткізу пунктінен ғана өтуге рұқсат берілген. Ал ресейлік және беларусьтік жүргізушілері бар қазақстандық компаниялар үшін Ресей-Беларусь шекарасында орналасқан барлық өткізу пункті ашық.  

 Осылайша, Көлік министрлігі халықаралық тасымалдаулар нарығындағы қазақстандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігі мен үлесінің төмендеуіне әкеп соғатын шетелдік тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасады.

Осыған байланысты, «Атамекен» ҰКП және Қазақстанның бизнес-қоғамдастық дабыл қағып, шетелдік тасымалдаушылар үшін бұрын қолданыста болған қайта тіркеуге және қайта тиеуге тыйым салуды алып тастауға қатысты алаңдаңдап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер