«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодар "Атамекенінде" жер сот дауларының саны артқаны туралы айтылды

2024 жылғы 29 Қаңтар
- Павлодар облысы
7765 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы мен қазыларымен "дөңгелек үстел" отырысы өтті.

"Атамекен" ӨКП директоры Ерқанат Әбенов бизнес пен қазылардың қатысуымен өткен бұл кездесу Палатаның өңір соттарымен белсенді өзара іс-қимылының жалғасы болғанын атап өтті.

"Кәсіпкерлікті қорғауға және дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Соның аясында бизнестің мүддесін қорғауға қатысты мәселелерді қарастыру үшін меморандумдар жасап, "жол карталарына" қол қою арқылы жұмыс жүргізіп жатырмыз", - деді Ерқанат Әбенов.

Өңірлік МАЭС төрағасы Айтқали Жақыпбеков 2023 жылы бұл сот 2022 жылмен салыстырғанда 1000 іс бойынша көп бітіргенін айтты.

"2023 жылы біз 3662 істі аяқтадық, шешім шығарумен – 1913. 2022 жылы 305 шешімге аз шығарылды. Аяқталған істердің басым бөлігінде шарттық даулар (35 пайыз – 1301 іс), мемлекеттік сатып алулар – 1636 іс (44 пайыз) қаралды. Жер дауларының саны өсті. Осындай 136 істі қарадық (2022 жылы 45 болды)", - деп атап өтті Айтқали Жақыпбеков.

Салық даулары мен банкроттықтардың саны бірдей деңгейде қалды, деп нақтылады спикер: сәйкесінше 241 және 118 шешім.

"Мен төраға ретінде өз сотымның алдына қандай негізгі міндет қойып отырмын – іс жүзінде нақты нәтижеге қол жеткізу: азаматтардың, кәсіпкерлеріміздің сенімі, осылайша, сот залынан шыққан кез келген адам біз қабылдаған құқықтық актілерден заңдылық пен әділдік табады", - қорытындылады Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер