«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстауда туризм саласының өзекті мәселелері талқыланды

2024 жылғы 24 Қаңтар
- Маңғыстау облысы
7916 просмотров

Ақтауда "Туризм саласының өзекті мәселелері" тақырыбында кеңес өтті.
Кеңеске Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Бектемір, облыстық және Ақтау мәслихаттарының депутаттары, мемлекеттік органдардың, қоғамдық кеңестердің, аудандар мен қалалар әкімдіктерінің өкілдері қатысты. Кездесу барысында өңірлік туризмді дамыту, туристік орындарға ақы төлеу және туристердің қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.

 

"Бүгінде туризм саласы әлемдік экономиканың негізгі драйверіне айналуда. Туризмді дамыту-экономикамыздың басты бағыттарының бірі. Маңғыстау туристік аймағы туристер көп келетін ТОП-10 орынға кіреді", - деді Руслан Бектемір.


2023 жылғы қаңтар-қыркүйектің қорытындысы бойынша өңірге 325,4 мың турист келді, көрсетілген қызметтер көлемі 12,7 млрд.теңгені құрады. Кеңес барысында Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы Мәулен Ғабдулқалиев бүгінгі таңда өңірде туристерді орналастыру үшін 100 орын, 100 экскурсиялық тур, 45 гид пен эскурсовод, 346 қоғамдық тамақтандыру мекемесі жұмыс істейтінін атап өтті. Сондай-ақ, облыста туризм саласын дамыту үшін 2027 жылға дейін жалпы сомасы 100 млрд теңгеге 13 жобаны іске асыру жоспарлануда.


"Сауда және туризм салықтық кеңестің 2023 жылғы отырудың қортындысы бойынша 14 негизги проблемалық кәсіптің тілектестігі, олардының ішінде 4 Кәсіп (29%) өз шешімін тапты, 2 Кәсіп (14%) бойынша бас тартылды және жұмысты 8 миселе (57%) бар.Атап айтқанда, бас тартылған екі кәсіптік туризм саласындағыкәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік қолдау шаралары қатысы: кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойндағы сервисі объектілері салуқойнша шығындарының бір үлкен өтеу және туристік қызмет нысандарын салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындардың бір бөлігін өтеу). Барлығы 7 қолдау шарасы бекітті және бугингі күн өңірлердің бизнесі жетіі шаранның ешқайсысын пайдаланбады", - деп атап өтті ӨКП директоры Рашит Мұстапаев.


Кеңес соңында өңірдің туризмін дамыту бойынша бірнеше ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірнеше азамат марапатталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер