Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы «Іскерлік байланыс» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауды бастады
Құрметті кәсіпкерлер, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы «Іскерлік байланыс» құралын іске асыру аясында жұмыс басталғанын хабарлайды.
Құрал шағын және орта бизнес басшылары үшін шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдамаларды ұйымдастыруды көздейді, оның барысында кәсіпкерлер ұқсас бейіндегі неміс кәсіпорындарына баруға, нақты басқару мәселелерін зерделеуге, мәселелер бойынша жеке іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік алады:
технологиялар трансферті;
жабдықтарды сатып алу;
тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өзара жеткізу;
франшизаларды сатып алу, бірлескен кәсіпорындар құру.
Осы жылы Германия және Жапония сияқты елдермен жұмыс жоспарлануда.
Германиядағы бизнес-тағылымдамаларға қатысу үшін қатысушыларға қойылатын критерийлер:
ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі, жасыл технологиялар салаларында өз қызметін жүзеге асыратын жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің басшылары, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін;
жылдық орташа табысы 10 000 (он мың) айлық есептік көрсеткіштен кем емес;
келіссөздер жүргізу, басқарушылық шешімдер қабылдау өкілеттігі бар жоғары буын басшылары.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Б.Момышұлы даңғылы 2/1, 4 қабат мекен-жайына хабарласуыңызды сұраймыз, тел.476-287
Пікір қалдыру:
Пікірлер: