«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда шетелдік бизнес тағылымдамаға өтінім қабылдау басталды

2024 жылғы 24 Қаңтар
- Алматы қаласы
9287 просмотров

Бағдарлама Қазақстандағы шағын және орта бизнес басшыларына Германия нарығымен танысу, іскерлік байланыс орнату және неміс компанияларымен ұзақ мерзімді әріптестік орнатуға мүмкіндік береді.

Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 2 ақпанға дейін жалғасады.

Биыл ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі, жасыл технологиялар салаларында жұмыс істейтін компаниялардың басшылары, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер бағдарламаға қатысуға өтінім бере алады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жоғары буын басшылары;
  • экономика секторларындағы қызмет: ақылды ауыл шаруашылығы (Smart Farming) саласында жұмыс істейтін компаниялар, жасыл технологиялар саласы, сондай-ақ экономиканың барлық саласы;
  • кәсіпкердің жылдық орташа табысы 10 000 (он мың) АЕК-тен кем емес болуы.

Талап етілетін құжаттар:

1.      «Атамекен» ҚР ҰКП атына тағылымдамаға қатысуға өтінім;

2.      Сауалнама (application form);

3.      «Іскерлік байланыс»  құралын іске асыру шеңберіндегі қатысушының міндеттемесі;

4.      Компанияңыз туралы ақпарат қамтитын буклет немесе PowerPoint презентациясы;

5.      Сіз сатып алғыңыз/сатқыңыз келетін өнімдер, жабдық және басқа да құралдардың техникалық сипаттамасы (бар болса);

6.      ____________ (қабылдаушы ел) фирмаларының сіздің ұсыныс/өтініштеріңізге (бар болса) қызығушылығын куәландыратын хаттары;

7.      Салық төлеушінің кейінгі 3 жылдағы (36 ай) табысын растау туралы EGOV сайтынан ҚР-да алынған табыстар туралы анықтама;

8.      Мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе директор атына бұйрық.

 «Бағдарлама кәсіпорын басшылары мен топ-менеджерлеріне арналған. Төрт апталық тағалымдама кезінде қатысушылар өз саласына қарай неміс кәсіпорындарының өндірісімен танысады, нақты басқарушылық мәселелерді зерттейді, технологиялар трансферті, жабдық сатып алу, тауар, жұмыс және қызметтерді өзара жеткізу, франшиза алу, бірлескен кәсіпорындары құру бойынша жеке іскерлік байланыстарды орнатады. Алматылық кәсіпкерлерді бағдарламаға қатысып, тәжірибе жинауға шақырамын», – деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Нариман Ибрагимов.

Алматы қаласы бойынша құжаттарды қабылдау өңірлік кәсіпкерлер палатасында мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Жібек жолы даңғылы 135, 2 блок, 8 қабат, тел.: 8 727 33 101 33 жауапты мамандар: Тоқпанов Ғалымжан +7 773810001, Нұрмаханова Динара +77077647644.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер