«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мұрат Қарымсақов Қазақстанның сыртқы сауда палатасына төраға болып тағайындалды

2024 жылғы 22 Қаңтар
8686 просмотров

 «Атамекен» ҰКП басқармасының шешімімен Мұрат Рәтұлы Қарымсақов Қазақстанның сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы  болып тағайындалды.

Бұрын Қазақстанның сыртқы сауда палатасын Аян Еренов басқарды. Бұған дейін Мұрат Қарымсақов «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.

Мұрат Қарымсақов Алматы қаласында дүниеге келген. Беларусь мемлекеттік университетінде «экономист» мамандығы бойынша оқыды. РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында магистратураны, Қырғыз экономикалық университетінде докторантураны аяқтады.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы болып жұмыс істеді. «ҚЗИ Банк» менеджері, «Қазақстан Халық банкі» АҚ бағалы металдармен жұмыс бөлімінің бастығы, «КИФ» акционерлік инвестициялық қоры» АҚ бас менеджері, «ҚазҚұрылысСервис» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ жобаларды басқару департаментінің директоры болды.

2002 жылдан 2004 жылға дей ін ҚР Мемлекеттік кірістер және қаржы министрінің көмекшісі болды.

2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы» қауымдастығы» ЗТБ басқарады.

2022 жылдың желтоқсанынан «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасының инвестициялық және сыртқы экономикалық қызмет мәселелері бойынша кеңесшісі, «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы хатшылығының басшысы болды.

Бірқатар мемлекеттік награданың иесі: «Ерен еңбегі үшін» ордені, «Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» және «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медальдар.

«ЕАЭО елдерінің интеграциясы жағдайындағы Қазақстан экономикасының орнықты дамуының стратегиялық басымдықтары» атты  монографияның авторы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер