«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тау-кен металлургия саласының жол картасы пысықталатын болады

2024 жылғы 23 Қаңтар
6194 просмотров

Ұлттық палата алаңында комитет басшысы Николай Радостовецтің төрағалығымен «Атамекен» ҰКП геологиялық сала, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің 39-отырысы өтті.

Жиынға жер қойнауын пайдалану, салық салу, елішілік құндылықты дамыту, өңдеу өнеркәсібінің қажеттіліктері үшін металдарды жеткізу, ТМК дамуының жол картасын іске асыру, биржалық заңнаманы реформалау, жер қойнауын пайдаланушылардың ТЖҚ сатып алуы және басқа да мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, 2024 жылға арналған Геология және алтын өндіру комитеті және қосалқы комитеттерінің жұмыс жоспары қабылданды.

Іс-шараға Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Ілияс Оспанов, министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдасты атқарушы директорының бірінші орынбасары Максим Кононовтың айтуынша, Өнеркәсіп министрлігі «Инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында жер қойнауын пайдалану және өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы шеңберінде «Өнеркәсіптік саясат туралы» ҚР Заңы шеңберінде бағдарламаларды бекіту және іске асыру бойынша қосымша міндеттемелер енгізуді көздейтін бірқатар түзетулерге бастамашылық жасалған. Қауымдастық жер қойнауын пайдаланушылардың қосымша жауапкершілігін көздейтін көрсетілген түзетулерге тұжырымдамалық түрде қарсы.

Сала сарапшылары бұл түзетулер ТМК жағдайын және саланың инвестициялық тартымдылығын біржақты нашарлатады, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының құқығы кепілдіктерінің өрескел бұзылады деп санайды. Сондықтан уәкілетті мемлекеттік органның қатысуымен бірлескен талқылау жүргізу қажет.

Металдарды ішкі нарыққа жеткізу және қауымдастықтың металдар экспортын лицензиялауды енгізу мәселесін талқылау барысында бірқатар ұсыныс айтылды. Атап айтқанда, лицензияның қолданылу мерзімін кемінде бір жыл мерзімге белгілеу немесе лицензияларды ұзақ мерзімді экспорттық келісімшарттарға байланыстыру.

 Максим Кононов жеңілдікпен сатып алынған металдарды қайта сату қаупіне назар аударды және мүмкін манипуляцияларға жол бермеу үшін осы тармақты қағидаларда нақты пысықтауды ұсынды.

Қауымдастық тарапынан өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларға бірқатар басқа да егжей-тегжей ұсыныстар айтылды. Бұл ұсыныстар Өнеркәсіп министрлігіне жолданған болатын.

Комитет төрағасы,  Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдасты атқарушы диреекторы Николай Радостовец елімізде ТМК дамыту жөніндегі стратегиялық құжаттың болмауын алға тартты. Соның салдарынан ТМК саласы 2024 жылы және одан кейінгі жылдары қалай жұмыс істейтіні туралы нақты түсініктердің жоқтығына назар аудара отырып, ТМК-ны дамытудың жол картасын іске асыру мәселелерін айтты. Спикер Мемлекет басшысының саланы дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыруды қоса алғанда, Жол картасын өзектендіру және әзірленген бірыңғай құжатты Өнеркәчіп министрлігі мен комитеттің бірлескен шешімімен бекітуді ұсынды.

 2023 жылдың қыркүйегінде «Атамекен» ҰКП Төралқасының геологиялық сала, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің кезекті отырысының қорытындысы бойынша Қауымдастыққа мүше кәсіпорындардың ұсыныстарын ескере отырып, ТМК жол картасының жобасы қалыптастырылды. Жоба келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып пысықталды.

 ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев саланың дамуын ынталандыратын әзірленген жол картасы үшін басқа да мемлекеттік органдардың, оның ішінде Үкіметтің экономикалық блогының жұмысын жандандыру қажет екенін қолдады. Оның айтуынша, министрлік құжатты қарауға және ашық жұмыс істеуге дайын.

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасының тау-кен-металлургия саласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесшісі Гүлнар Бижанова тау-кен металлургия саласының жол картасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталып, саланы тұрақты дамытуға бағдарлануы тиіс екенін атап өтті. Оның пікірінше, жол картасы ТМК қажеттіліктерін бағалау, ағымдағы мәселелерді қамтуы керек, сондай-ақ белгілі бір жиілікпен, мүмкін тоқсанына бір рет жаңартылуы тиіс.

Осылайша, тау-кен металлургия саласының жол картасы өзектендіріліп, пысықталатын болады. 

   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер