«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлердің түйткілді мәселелері кезең-кезеңімен шешіледі – Ерұлан Жамаубаев

2024 жылғы 19 Қаңтар
7688 просмотров

Ұлттық палата алаңында ҚР премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен жиналыс өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасарлары мен басқарушы директорлары қатысты.

Жиында бизнес 2023 жылы тап болған түйткілді мәселелер айтылды. Сонымен қатар Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында бизнестің өзекті мәселелерін шешу жайы да сөз болды.

Кәсіпкерлер көтерген мәселелер санының өсуі жүргізіліп жатқан жұмыстың оң әсерін және бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік аппаратқа деген сенімінің артуын айғақтайтынын атап өткен жөн.

 Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлесіп, кеңестің алтыншы отырысында берілген тапсырмаларды орындау бойынша бірлескен тиісті жұмыс жүргізді.

 Мәселелерді қосымша тексеру қорытындысы бойынша 111 түйткілді мәселенің 63-і оң шешілді. Орындау сатысында  48 мәселе қалып отыр. Соның 26-сы объективті себептер бойынша орындалмады. Жеті мәселе бойынша шешім қабылдауды талап етеді, тағы 15 мәселе бойынша тапсырмаларды орындауды кейінге қалдыруға жол берілген.

Көлік саласы бойынша 23 мәселе қалып отыр. Шешілгені – 13, шешілмеген 10 мәселе бар. Соның ішінде 9 мәселе объективті себеппен шешілмеген, 1 мәселе бойынша тапсырмаларды орындауды кейінге қалдыруға жол берілген.

Тау-кен металлургия кешенінде 27 мәселе бар.  Соның ішінде 11 мәселе бойынша шешім табылды, 16 мәселе шешілмеген күйінде қалып отыр, оның 9-ы объективті себептер бойынша шешілмеген, 7-і бойынша тапсырманы орындауды кейінге қалдыруға жол берілген.

Энергетика саласында 10 мәселе қаралды. Алты мәселе шешімі тауып, төртеуі шешілмеген, оның 2-сі объективті себеппен шешілмеген және екеуі бойынша тапсырмаларды орындауды кейінге қалдыруға жол берілген.

Адами капиталды дамыту саласында 19 мәселе бар. Шешілгені – 8 мәселе,  шешілмегені – 11. Соның ішінде 1 объективті себептер бойынша шешілмеген, 4 мәселе бойынша орындау кешіктірілді, 6 мәселе шешімін күтеді.

 АӨК саласында 22 мәселе көтерілді. Шешімін тапқаны 21 мәселе. Тағы 1 мәселе объектівті себеп бойынша шешілмеген. 

Мұнай-газ секторы саласында 10 мәселе бар. Шешілгені – 4, шешілмегені – 6 мәселе. Оның 1-і объективті себеппен шешілмеген және 1 мәселе бойнша кешіктіруге жол берілген, тағы 1 мәселе бойынша шешім қажет.

 «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мәлік Сәулебай 2022 жылдың қарашасында «Атамекен» ҰКП Х съезінде 25 сала бойынша 99 жүйелі мәселенің тізбесі құрылғанын хабарлады. Оның ішінде ең өзекті және маңызды 47 мәселе премьер-министрдің орынбасары деңгейіне шығарылып қаралды.

«Біз осы мәселелердің шешілу барысына мониторинг жүргіздік. 47 түйткілді мәселе ішінде  24 мәселе Үкімет аппаратының бақылауынан алынды. Бұл бизнес көтерген барлық мәселенің жартысынан көбі. Бұл мәселелерді қарастыра алмайтынымызды түсінеміз. Осыған байланысты, бүгін мемлекеттік органдарға осы мәселелерді шешуді соңына дейін жеткізуді тапсыруды сұрап, Сіздің атыңызға тиісті хатқа қол қойдым», – деді Мәлік Сәулебай.

Спикер 2023 жылдың 17 қарашасында Ұлттық палатаның ХІ съезінде өңірлік кеңестер, қауымдастықтар және кәсіпкерлік субъектілерінен келіп түскен 200-ден астам түйткілді мәселе жиналғанын айтты. «Атамекен» ҰКП мамандары тиісті мемлекеттік органдармен алынған мәселелерді пысықтау бойынша жұмыс жүргізді.

«Қазіргі кезде 174 мәселе бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. «Атамекен» ҰКП және мемлекеттік органдар деңгейінде шешімін табу жоспарланған. 26 мәселе премьер-министрдің орынбасары деңгейінде қарауды қажет етеді. Тиісті хат Үкіметке жолданды», – деді спикер.

Жиын барысында Ұлттық палата өкілдері мен қауымдастықтардың басшылары салалар бойынша түйткілді мәселелерге қатысты пікірін білдірді.

«Атамекен» ҰКП апта сайын бизнестің өзекті мәселелерін қарауды жалғастыруды ұсынды.

 Жиынды қорытындылай келе, премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шешуді талап ететін мәселелер кейінгі отырыстарда кезең-кезеңімен қаралып, 2-3 ай ішінде шешілетінін айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер