«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодар "Атамекенінде" ЭТД басшысының м.а. кәсіпкерлерді жеке қабылдайды

2024 жылғы 16 Қаңтар
- Павлодар облысы
7673 просмотров

Павлодар облысының экономикалық тергеу департаменті басшысының міндетін атқарушы Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында проблемалық мәселелер бойынша кәсіпкерлік субъектілерін жеке қабылдайды.

Кездесу 25 қаңтарда сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін бизнесті қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде өтеді. Жеке қабылдауға 87002946385 телефон нөмірі бойынша жазылуға болады.

"Мемлекеттік органдардың басшыларымен құқық қолдану практикасын зерделеу және түсіндіру үшін жоспарланған тұрақты семинарлар, "дөңгелек үстел" кездесулер шеңберінде өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында кездесуге болады", - деп түсіндірді Павлодар облысы "Атамекен" палатасының директоры Ерқанат Әбенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер