«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

БҚО кәсіпкерлеріне жаппай тексеру болмайтыны айтылды

2024 жылғы 15 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
7134 просмотров

Мұндай мәлімдеме Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен брифингте айтылды.

 Іс-шараға мемлекеттік кірістер, төтенше жағдайлар, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменттері, сондай-ақ құқық қорғау жүйесі органдары – полиция департаменті және ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаментінің өкілдері қатысты.

 Мемлекеттік қызметшілер бизнес объектіні жоспарлы және жоспардан тыс тексерулердің тәртібі мен рәсімін түсіндіріп, жоспарлы тексеру (профилактикалық бақылау) бұзушылықтардың алдын алуға бағытталғанын және объектіге шығумен де, онсыз да жүзеге асырылуы мүмкін екенін атап өтті.

 Профилактикалық бақылау шеңберінде бақылау сатып алу да көзделген.

Жоспардан тыс тексеру бұзушылық фактісі бойынша жүргізіледі. Бұл туралы уәкілетті органға жеке не заңды тұлғаның өтінішінде не прокуратураның бастамасы бойынша немесе қылмыстық іс жүргізу заңнамасы шеңберінде хабарланады.

 Барлық тексеру олар Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаментінде тіркеледі. Егер тексеру жүргізу үшін негіз жеткіліксіз болып танылса, онда тексеруді тіркеуден (тиісінше, жүргізуден) бас тартылады.

 Құқықтық статистика органдарында тексеруді тіркеу тәртібін бөлімнің аға прокуроры Аида Ниязова түсіндірді.

 Спикер өткен мораторийде 14 ерекше жағдай тармағы болғанын айтты. Мысалы, егер халық, жекелеген азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе, егер бұл қоғамдық тәртіпке қауіп төндірсе, онда тексерулер тіркелді. Бұдан басқа, мораторий кеден заңнамасы саласында мемлекеттік аудитті тексеруге қолданылмады.

 «Жоспардан тыс тексеруді тіркеу үшін тексеруші органдар өтініштердің өзін ғана емес, сонымен қатар бұзушылық фактілері мен мән-жайды растайтын жеткілікті негізді де ұсынуы тиіс. Өткен жылы жаңа реттеуші саясат жағдайында Департамент профилактикалық бақылау үшін тізімге негізсіз енгізілген 50-ден астам субъектіні анықтады», – деп хабарлады құқықтық статистика органдарының өкілі.

 Сондай-ақ, 8 жағдайда құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаменті бизнес субъектілеріне қатысты тексерулерді тіркеуден бас тартқанын хабарланды.

Бұзушылыққа жол берген мемлекеттік қызметшілер тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Аида Ниязова кәсіпкерлік объектілерінде жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу мерзімдерін түсіндірді. Сондай-ақ, алдағы профилактикалық бақылау туралы мемлекеттік орган кәсіпкерге бір ай бұрын хабардар етуі тиіс екенін білу маңызды.

Прокуратура қызметкері тексерулер санының күрт өсуінен кәсіпкерлер қорықпауы керек деп сендірді. Ал Құқықтық статистика органдары өз кезегінде тексерулер жүргізудің негіздерін мұқият зерделеуді жалғастырады және қажет болған жағдайда оларды тіркеуден бас тартады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер