«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мамандарға қажеттілікті анықтау бойынша сауалнама

2024 жылғы 03 Қаңтар
25268 просмотров

 Құрметті кәсіпкерлер!

Сіздерді мамандарға қажеттілікті анықтау бойынша сауалнамаға қатысуды сұраймыз. Сауалнаманы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткізіп жатыр.

Алынған ақпарат жалпылама түрде пайдаланылады. Жеке дерегіңіздің құпиялылығына кепілдік беріледі.

Сауалнамадан мына сілтеме арқылы өтуге болады.

ҰКП  мамандарға қажеттілікті анықтау бойынша талдауды жыл сайын жүргізеді. 2023 жылы сауалнамаға 51,2 мың кәсіпкерлік субъекті қатысты. Соның  ішінде 13 мың субъект 134 мың адамға қажеттілік барын белгілеген.  (2023 жылы – 47 102 адам, 2024 жылы – 42 443 адам).

Мәлімделген қажеттіліктің 134 мың адам ішінен 70%-дан астамы жұмысшы кадрларға тиесілі (кәсіптік-техникалық білімі бар мамандарға қажеттілік 46,0%-ды құрады, кәсіптік білімі жоқ мамандарға қажеттілік – 27,0%, жоғары білімді мамандарға – 21,6%,  қысқа мерзімді кәсіптік оқуды бітіргені туралы сертификаты барларға –  5,4%.

Өңірлік бөліністе республикалық маңызы бар Алматы (22, 6 мың адам), Астана (21,8 мың адам) қалалары, сондай-ақ Қарағанды облысында (9,8 мың адам) мамандарға қажеттілік анағұрлым жоғары.

Сауалнамаға сәйкес кадрларға ең мұқтаж салалар: сауда (19 153 адам), өңдеу өнеркәсібі (17 751 адам), құрылыс (13 637 адам), білім (12 637 адам), сондай-ақ ауыл, орман, балық шаруашылығы –11 802 адам.

Кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі Қазақстанда жұмысшы мамандықтары, соның ішінде тігінші (4,0 мың адам), аспаз (3,4 мың адам), күзетші (2, 8 мың адам), қолөнерші (2,3 мың адам), автомеханик (2,1 мың адам), бухгалтер (2,0 мың адам) ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі (1,4 мың адам) сұранысқа ие салалар екенін көрсетті.

2024-2026 жылдарға мамандарға қажеттілікті анықтау бойынша сауалнама онлайн форматта әзірленді. Сонымен қатар өңірлер мен экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде жұмыс берушілердің іріктемелі жиынтығы есептелді. 

Мәселен, биыл жүргізіліп жатқан зерттеумен 45 мың заңды тұлға мен кәсіпкерлік субъектілерін қамту жоспарланған.

Деректерді жинау 2024 жылдың қаңтар-ақпанында өтеді. Зерттеу нәтижесі бойынша аналитикалық есеп дайындалады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер