Павлодарлық "Атамекен" туралы пікірлер жинағынан!
Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының атына біздің қызметкерлердің жұмысы үшін бизнес өкілдерінен жақсы пікірлер келіп түседі.
Cолардың бірі.
"Мен жеке кәсіпкер Салкамбаева Әйгеріммін. Шілде айында Павлодар облысының Кәсіпкерлер Палатасы қызметкерлерінен "өңіраралық қоныс аударушы"санаты бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның қатысушысы ретінде құжаттарды тапсыра отырып, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алу бойынша жақсы және сапалы кеңес алды. Мен тігін машиналарын сатып алуға 1 миллион 380 мың теңге көлемінде грант ұтып алдым. Екінші рет Қазақстанның оңтүстігінен солтүстікке азаматтарды көшіру мемлекеттік бағдарламасы бойынша "Атамекен" палатасының мамандары ЖК мекенжайын өзгертті.
Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасына, қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері жөніндегі менеджер-консультант Айгүл Болатқызы Маймышеваға, бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер бойынша менеджер-консультант Әділхан Төлеуғазыұлы Төлеубайға және Павлодар облысының "Атамекен" палатасының директоры Ерқанат Қайратұлы Әбеновке зор алғысымды білдіремін.
Қазақстанда орта бизнесті дамытуға қосқан үлесіңіз үшін рахмет! Сіздің жұмысыңыз сәтті болсын, ал аймақтық "Атамекен" өркендесін".
Пікір қалдыру:
Пікірлер: