«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі кеңес алматылық инвестордың мәселесін талқылады

2023 жылғы 28 Желтоқсан
8604 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына химиялық өнеркәчіп саласында қызме ететін «Әлем Тынысы» ЖШС жүгінді. Компания сұйық химиялық қалдықтарды қайта өңдеу кешенінің құрылысына 800 млн теңгеден астам инвестиция салған. Алматы қаласы әкімдігінің өңірлік үйлестіру кеңесі химиялық өнім өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны мақұлдап, басымдықтар санатына енгізді.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі және бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен  «Әлем Тынысы» ЖШС «Жасыл экономикаға көшу» жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруға қатысады. Осыған байланысты компанияға мемлекеттік заттай грант нысанында Алматы қаласының индустриялық аймағының аумағында жер учаскесі бөлінген.

Табиғи гранит өндіру инвестиция тартудан басқа, елдің экологиялық саясатын іске асыруға ықпал ететін осы жобаны іске асыруға мемлекеттің мүдделілігін көрсетеді.

 2021 жылы жаңа Экологиялық кодекстің қабылдануына байланысты кәсіпорын санатына қойылатын талаптар өзгерді. Осыған байланысты серіктестік құрылыс саласында да, экология саласында да жаңа рұқсат құжаттарын алу рәсімін бастады.

Сонымен қатар, COVID-19 пандемиясы және 2022 жылғы қаңтардағы оқиға да өзгеріс әкелді, жобаның құны, іске асыру мерзімі және лицензияны қайта тіркеу үшін құжаттарды дайындау рәсімдері ұлғайды. Мысалы, салынған ғимаратқа техникалық паспорт алу 50 жұмыс күнінен астам уақытқа созылды.

Экология саласында кәсіпорын қоршаған ортаға әсерді бағалауды әзірледі, қоршаған ортаға әсер ету скринингін алды, қоғамдық тыңдаулардан өтті, қоршаған ортаға эмиссия шығарындыларына рұқсат алды. Осылайша өзінің экологиялық қажеттілігін растады.

«Экология және табиғи ресурстар министрлігі компанияға лицензияны қайта тіркеуден бас тартты. Бұған дейін ведомство серіктестіктің инвестициялық қызметін белсенді түрде қолдап келген. Қазір болса  өнеркәсіптік орынжай пайдалануға дайын тұрса да,  министрлік жобаның сәулет желісі бойынша құжаттарының дайын еместігін алға тартты», – деді Қайырбек Сүлейменов.

Лицензияның болмауы өндірісті тоқтатады. Оны салдары инвестордың миллиондаған долларлық шығынға ұшыратады. Сонымсен қатар басқа компаниялардың үлкен шығынына әкеледі.

«Әлем Тынысы» ЖШС-нің 19 компаниямен қалдықтарды қайта өңдеуге арналған шарттық міндеттемелерін бұзу миллиард теңгеге жуық шығын әкеледі. Бұл  жайт кәсіпорынды банкроттық шегіне қояды және еліміздің бірнеше өңіріндегі экологиялық жағдайға теріс әсер ету тәуекелдерін тудырады.

Серіктестік 2023 жылдың 17 қарашасында  Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне қолданыстағы лицензияны қайта тіркеу туралы өтінім жолданды. Алматы қаласы экология департаментінің қызметкерлері технологиялық процестің сәйкестігіне экологиялық аудит жүргізді. ЖШС шығарындылар, экологиялық нормалар және технологиялық процеске сәйкестігіне аудиттен өтті.

Алайда, құжаттар топтамасы толық болуы үшін ЖШС  техникалық паспортпен қоса Ф-2 анықтамасын ұсынуы тиіс еді. Қазіргі кезде бұл құжат тіркеу процесінен өтіп жатыр.

Сапа саласында әсер етпейтін осы құжаттың дайын болмауын пайдаланып, Экологиялық реттеу және табиғи ресурстар комитеті лицензия беруден бас тартты.

  Кәсіпкерлердің құқығвн қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңеске қатысушылар Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің бұл позициясы инвесторлардың қызметін құқықтық қорғаудың мемлекеттік кепілдіктерін бұзатынын, ал берілген инвестициялық преференциялар экономикалық мақсаттарға жетпейтінін және инвестициялық шарттардың тұрақтылығына нұқсан келтіретінін айтты.

«Бұдан басқа, отандық инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі «Әлем Тынысы» ЖШС-де қауіпті қалдықтарды өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және  жоюға арналған өндірістік объектінің нақты болуына байланысты Экология және табиғи ресурстар министрлігіне компанияға лицензия беру туралы мәселені қайта қарауға ұсынды», – деді кеңес төрағасы.  

 Сондай-ақ «ҚР Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 12.06.2021 жылғы № 245» күзет саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 6.06.2023 жылғы № 179 бұйрығына қосымшаның 10-тармағына өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы мәселені қарау ұсынылады.  

Кеңес барысында Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетіне, Бас прокуратураға, Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және Алматы қаласы әкімдігіне бірқатар ұсыныстар айтылды. Кеңес отырысының материалдары Президент Әкімшілігіне және Үкімет аппаратына мәлімет үшін жіберілетін болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер