«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қытаймен шекарада қазақстандық кәсіпкерлердің жүк көліктері тұрып қалды

2023 жылғы 25 Желтоқсан
33998 просмотров

Қытаймен шекарадағы «Нұр жолы» кеден бекетінде тауар тиелген қазақстандықтарға тиесілі  ондаған автокөлік 11 күннен артық қоғалыссыз тұр. Тұрып қалу себептерінің бірі – ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан тауарды бері шығаруға мақұлдаудың болмауы. Жүктің кідірісі кезінде кейбір жүк көлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің кедендік тексеруінен қайта өтуге мәжбүр болған. Тексеру нәтижесі бойынша кәсіпкерлерге тексеру жүргізудің себептері мен нәтижелері көрсетілмей, тексеру актісі ұсынылмаған.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қытаймен шекарадағы ағымдағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп, бизнес мүддесін қорғау үшін шара қабылдап жатыр.

 «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиевке хат жолдап,  сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын кәсіпкерлік субъектілері тарапынан халықаралық сауда тауарларын өткізетін автокөлік құралдарын Қазақстан-Қытай кедендік шекарасындағы өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістер органдарының заңсыз ұстауына қатысты шағымдар түскенін жеткізді.

 «Кәсіпкерлер түсірген шағымдарда себептері түсіндірілмей Бас диспетчерлік басқармасының өкілдерінің аузыша айтуымен тауарларды шығару мерзімдері 1-2 аптаға дейін созылып жатқаны баяндалған. Кейде жүк көліктері кенедік тексеруден қайталап өтуге мәжбүр болған», – деп атап өтті Тимур Жаркенов.

Спикер осы жағдайға тап болған тасымалдаушы компаниялар кедендік ресімдеу, тоқтап қалу, шарттық міндеттемелерді орындамау және басқада кедергілерге байланысты шығындарды көтеріп жатқанын мәлімдеді.

 «Тура осындай жағдай 2022 жылдың аяғы мен 2023 жылдың басында орын алған еді. Ол езде Қытаймен шекарада тұрып қаған көлік саны бірнеше мың бірлікке барды. Осыған байланысты әріптестерім екеуміз бас прокуратурамен арнайы тексеру құрамында сол кеденге шығуға мәжбүр болдық. Шекарадағы жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыс бір ай бойы жүргізілді. Соңғы рет техникалық мәселелермен байланысты көптеген мәселе болуына қарамастан, белгілі бір мүдде қақтысы бары сезілді. Қазіргі уақытта жаңа жыл басталғаннан кейін және онымен бірге тауар айналымының көлемі өсе бастағанда, шекарада қандай да бір техногендік себептермен проблемалар туындайды деген әсер қайтадан пайда болады. Бір жыл бойы кедергі болмай, енді жыл соңына қарай проблемалар туындады»», – деп толықтырды ол.

 «Атамекен» ҰКП мамандары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне қарасты кеден қызметтерінің басшылығын осы жағдайға араласып, қазір шекарадағы автомобильдермен болып жатқан кедергіге жол бермеуге шақырды.

 Осы ретте «Jana Post» ЖШС операциялық шығындар, айыппұлдар және жаңа жылға тапсырыс берген клиенттердің жоғалуын қоса алғанда, кідірістерге байланысты елеулі шығындарға топ болғанын туралы хабарлайды. Қазіргі кезде компанияға тиесілі 17 жүк көлігі шекарада тұр. 2023 жылғы 21 желтоқсандағы Бас көлік прокуратурасына берген мәлімдемесінде «Jana post» басшылығы қозғалыссыз тұрған әр тәулік үшін 25 000 000 теңге көлемінде шығынданып жатқанын жетізген.

 Айта кетейік, Қазақстан мен ҚХР арасындағы тауар айналымын арттыру мәселесі жоғары деңгейде талқыланып жатыр. Жақында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының аумағында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының шекара маңы кеден органдары басшыларының кездесуі өтті. Талқылауға шығарылған басым мәселелердің бірі өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру болды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер