«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Геологиялық сала қосалқы комитет жұмысының қорытындысы жасалды

2023 жылғы 22 Желтоқсан
7658 просмотров

Дереккөз: freepik.com

«Атамекен» ҰКП Геологиялық сала, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің геологиялық сала қосалқы комитетінің  қорытынды отырысы өтті. Онда қосалқы комитеттің төрағасы Азамат Шалабаев 2023 жылғы жұмыстын қорытындысын жариялады.

Қосалқы комитеттің 2022-2023 жылдарға арналған жұмысының бекітілген жоспар-кестесіне сәйкес жұмыстар тізімі анықталды. Атап айтқанда, салалық нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру (Жер қойнауы туралы кодекс, Жер кодексі, Салық және Экологиялық кодекске және т. б. НҚА өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды талқылау); геологиялық ақпараттың қолжетімділігі және құпия ақпаратты құпиясыздандыру мәселелері; геологиялық барлау жұмыстарына бірыңғай нормалар мен бағалар; геологиялық барлау жұмыстарына арналған жобаларды экологиялық келісу бойынша мерзімдер мен талаптарды қайта қарау; геологиялық барлау компаниялары үшін ҚҚС мөлшерлемесін 0%-ға дейін төмендету мүмкіндігі; геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру үшін ҒЗТКЖ-ға бағытталған қаражаттың бір бөлігін пайдалану және т. б. мәселелер; Жер қойнауы туралы кодекс пен Жер кодексі нормаларының арақатынасы, жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін ресімдеу процесінде жер қойнауын пайдаланушылар мен жер пайдаланушылар арасындағы өзара іс-қимыл рәсімдері мәселелері, KazRC пайдалы қазбалар қорларын есепке алудың халықаралық стандарттарына көшу; жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу тәртібін жетілдіру; 2023-2025 жылдарға арналған ҚР минералдық-шикізат базасын дамытуға бюджеттік қаржыландыруды қарау; геологиялық саланы кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін талқылау; сала қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру жүйесін құру; біліктілікті арттыру орталығын құру мәселесі, қазақстандық ғылыми мектепті жаңғырту;  жер қойнауын геологиялық зерттеуді ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету; Геологиялық зерттеулер орталығын құру мәселесі.

 Қосалқы комитет жұмысының 2023 жылға қойылған міндеттері орындалды.

Осы жылдың қаңтарында бизнес-қоғамдастық «Атамекен» ҚР ҰКП-мен бірлесіп, премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен отандық кәсіпкерлер кеңесіне қатысып, тау-кен металлургия секторын дамыту мәселелерін көтеріп, мынадай нақты шараларды қабылдау ұсынылды:

- жер қойнауы туралы өзекті және жоғары дәлдіктегі деректерді алу мақсатында аэрогеофизикалық және басқа да заманауи зерттеу әдістерін қолдана отырып, өңірлік геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін пысықтау;

- жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынатын геологиялық ақпараттың құпиялылық мерзімдерін қайта қарау және оларды жариялау не оған бес жылдан үш жылға дейін ашық қолжетімділік беру;

- жаңа Бюджет және Салық кодекстерін дайындау шеңберінде нысаналы мақсаты бойынша міндетті түрде пайдалана отырып, жер қойнауын пайдаланушы-кәсіпорындардың бюджетте сақталуы жолымен ауылдар, кенттер, қалалардың жергілікті тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының (жалдау төлемдерінің) сомаларын бөлуді көздеу;

- мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында геологиялық барлауға алғашқы өтінім режимі үшін Қазақстанның зерттелмеген, әлі жабық аумағын ашу (бүгінгі күні Геологиялық барлау үшін 2,2 млн шаршы км аумақтың 1,4 млн шаршы км аумағы ашылды).

Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында геологиялық барлауға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтіп, қысқа мерзімде тау-кен секторын басқару жүйесін жаңғыртуды тапсырды.

Қосалқы комитет төрағасы Азамат Шалабаев қазіргі кезде геологиялық салада жағдай ауыр екенін атап өтті: Қазақстандағы пайдалы қазбалар қорларын толықтырудың төмен деңгейі; цифрландырудың өте төмен деңгейі; кадр тапшылығы; ғылымды жер қойнауын геологиялық зерттеуге әлсіз тарту; жетілмеген инфрақұрылым; сала элементтерінің түрлі ведомстволар мен құрылымдар бойынша шашыраңғылығы және геологиялық барлауға шығындардың төмен деңгейі.

«Салалық бағдарламалардағы міндеттер «Қазақстан-2050» Стратегиясының сын-қатеріне жауап бермейді және оларды іске асыра алмайды. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында жеке басымдық ретінде геологиялық барлау саласы жоқ. Осыған байланысты стратегиялық міндеттерді іске асыруға бағытталған іс-шараларды қоса отырып, міндеттер тізбесін кеңейту арқылы геологиялық барлаудың «мәртебесін» арттыру ұсынылады», – деді Азамат Шалабаев.

 «Құзыретті органның позициясы өте маңызды және Біз ҚР ӨКМ Геология комитетімен жұмыс істеуде консенсус таптық. Бізде іс жүзінде келіспеушіліктер жоқ, көптеген бағыт бойынша пікіріміз бір. «Атамекен» ҰКП төрағасы Райымбек Баталов геологиялық-барлау саласын дамытуды қолдап, геологиялық-барлау тергеудің заманауи әдістерін дамыту қажеттігіне баса назар аударды», – деп қорытындылады Жандос Әбішев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер