«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сала өкілдері құрылыс кодексінің мәселелерін талқылады

2023 жылғы 15 Желтоқсан
9752 просмотров

ҚазҚСҒЗИ алаңында «Атамекен» ҰКП Төралқасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті Құрылыс кодексі мәселелерін талқылады. Талқылауға салалық қауымдастықтар мен ғылыми қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

 Еске салсақ, 2023 жылғы 20 қыркүйекте Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында құрылыс кодексінің жобасын жария талқылау аяқталды. «Атамекен» ҰКП жоба бойынша бизнестің шоғырландырылған позициясын жіберген болатын.

Қазіргі кезде кодекс жобасы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу рәсімінен өтіп жатыр. Бұл ретте, бүгінгі күні уәкілетті органдар қарайтын Кодекс жобасының редакциясы министрлік бұрын ҰКП және бизнес атына жіберген редакциядан айтарлықтай ерекшеленетінін атап өткен жөн. Жобаның жаңартылған редакциясы бойынша ҰКП бизнестің позициясын жібермеді. Өйткені бұл редакция ҰКП атына ресми түрде түскен жоқ.

Осы фактіні ескере отырып, құрылыс қоғамдастығы әзірлеуші тарапынан бизнес және ғылыми қоғамдастық өкілдерімен кодекс жобасын әзірлеу және талқылауға қатысуының төмен екенін атап өтеді.

Комитет төрайымы Ирина Манжанова әзірленіп жатқан нормативтік актінің стратегиялық маңызын атап өтті.

«Жаңа кодекс сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің саласын түрлендіру, оны сапалы жаңа деңгейге шығару, оны реттеуге кешенді және жүйелі сипат беру, сол арқылы ұзақ мерзімді өсуге жағдай жасауға мүмкіндік бере ме? Бүгін біз бизнес пен ғылыми қоғамдастықтың пікірін шоғырландыру үшін жиналдық. Жақында кодекстің жобасы Парламентке қарауға жіберіледі. Біз заң жобасындағы барлық олқылықты ескергіміз келеді», – деп атап өтті Ирина Манжанова.

Талқылау барысында тұжырымдамалық мәселелер, сондай-ақ бизнестің Кодекс жобасына қатысты ұсыныстары мен ескертулері қаралды. Бірінші кезекте бизнес әзірленген нормативтік актінің атауын өзгертуге үзілді-кесілді келіспейтінін білдірді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, салалық министрлікке тұжырымдамалық жаңа құжат – Қала құрылысы кодексін әзірлеу тапсырылды.

Бұл ретте, Кодекстің атауын құрылыс кодексіне өзгерту оның қолданылу аясын тарылтады, өйткені «құрылыс» термині сәулет және қала құрылысы саласын қамтымайды.

 Сонымен қатар, әзірленіп жатқан құжаттың мазмұндық сапасы өзекті. Бизнестің пікірінше, қысқа мерзімде сапалы құжатты әзірлеу іс жүзінде мүмкін емес міндет.

«Жаңа кодексті әзірлеу қолданыстағы заңнаманы талдау, халықаралық тәжірибені зерделеу, проблемаларды анықтау және оларды шешу жолдарын әзірлеуді қамтитын орасан зор жұмыс көлемін жүргізуді талап етеді. Нәтижесінде біз сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы пысықталған заң туралы тұжырымдамалық емес жаңа құжат алдық», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Ұлттық жобалаушылар қауымдастығының президенті Мейірбек Жаманқұлов.

«Kazproperty» коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығына қатысушылар қауымдастығы» ЗТБ Development комитетінің төрағасы Қайрат Көкенов құрылыс қоғамдастығының өкілдерін Кодекс жобасына ұсыныстар мен ескертулер әзірлеу бойынша ҰКП жүргізіп жатқан жұмысқа белсенді қатысуға шақырды.

«Қала құрылысы кодексінде базалық нормативтік құқықтық акт ретінде сәулет, құрылыс және қала құрылысын жоспарлаумен байланысты қатынастарды құқықтық реттеу, сондай-ақ оның субъектілерінің мемлекетпен өзара іс-қимылы іске асырылатын қағидаттарды жүйелеу және бекіту қажет», – деп бөлісті Кәсіби инженерлер одағының атқарушы директоры Мелик Алпысбаев.

 Бизнестің бірқатар ұсынысы бойынша редакцияға уағдаластыққа қол жеткізілді және әзірлеушілердің сөзінше, олар Кодекстің редакциясында ескерілетін болады. Қалған ұсыныстар бойынша ҚазҚСҒЗИ өкілдері оларды неғұрлым егжей-тегжей пысықтау үшін қосымша уақыт қажеттілігі туралы позиция білдірді.

Талқылау нәтижесі бойынша бизнес өкілдері мен Комитет мүшелері Мемлекет басшысының құрылыс кодексін қабылдау жөніндегі тапсырмасын орындау мерзімін ұзарту мәселесін қарастыру үшін Президент Әкімшілігінің атына өтініш жолдау мүмкіндігін қарастыру туралы бастаманы қолдады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер