«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шымкентте тәлімгерлік бағдарламаның түлектеріне сертификат табысталды

2023 жылғы 15 Желтоқсан
- Шымкент қаласы
8492 просмотров

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында тәлімгерлік бағдарламаға қатысып, сәтті аяқтаған кәсіпкерлерге сертификаттары табысталды. Бұл қыз-келіншектер Палата жанындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы аясында тәлімгердің тәлімін алып, бизнес жүргізудің қыр-сырын меңгеріп шыққан.

«Жарты жылдан астам уақытқа созылған бағдарламаның сәтті аяқталуымен құттықтаймын. Осы уақыт ішінде тәжірибелі ментордан тәлім алып, өз ісіңізді дамытудың барлық қыр-қырын меңгердіңіздер деп сенеміз. Жалпы, біздің қыз-келіншектер белсенді. Мысалы, Кәсіпкерлер палатасындағы мәліметтер бойынша, Шымкент қаласында ашылған жеке кәсіпкерліктің 58 пайыздан астамы қыз-келіншектерге тиесілі. Бұл – сіздердің белсенділіктеріңізді, сіздердің іскерліктеріңізді көрсетеді. Алдағы уақытта кәсіптеріңіздің дами беруіне тілектеспіз. Сертификаттарыңыз құтты болсын!» – деді Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бауыржан Бердалиев.

Палатаның кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Айдана Бейсебекова қазіргі таңда қыз-келіншектер отбасына ұйтқы болумен қатар заман ағымымен ілесіп, іскерлікпен де айналысып жатқанына тоқталды.

Жиын барысында тәлімгер Анар Сәрсенова да пікірін бөлісті.

«Сіздермен бірге жұмыс істескенімен өте қуаныштымын. Бірнеше ай бойы бірге болдық, сенімдеріңізге алғыс айтамын. Осы уақыт аралығында тек проблемалы тұстарды ғана емес, қуанышты сәттеріңізді де бөлістіңіздер. Сіздерге пайдам тиді деп сенемін. Қазірдің өзінде қол жеткізген нәтижелеріңіз аз емес, енді алдағы уақытта бұдан да дами түсулеріңізге тілектеспін, бизнестеріңізге даму, отбасыларыңызға амандық, молшылық тілеймін!» – деді тәлімгер Анар Сәрсенова.

Бұдан кейін Бауыржан Бердалиев қыз-келіншектерге сертификаттарын салтанатты түрде табыстады.

Айта кетейік, тәлімгерлік бағдарлама «Мен кәсіпкер» құралы аясында жыл бойы жүреді. Тәлімгерлік тәлімгер мен оның қамқоршысының (menti) ұзақ мерзімді бірлескен жұмысын немесе белгілі бір мәселені шешуге бағытталған қысқа кездесулер сериясын білдіреді. Жұмыс және білім алмасу тәлімгер қазіргі уақытта шешуге тырысатын белгілі бір мәселелерді талқылау арқылы жүзеге асады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер