«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҰКП Төралқасының салалық комитеті және Алматы кәсіпкерлері құрылыс саласындағы түйткілді мәселелерді талқылады

2023 жылғы 15 Желтоқсан
- Алматы қаласы
9174 просмотров

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының алаңында «Атамекен» ҰКП Төралқасының Құрылыс және ТКШ комитетінің көшпелі отырысы өтті.

«Атамекен»ҰКП Төралқасының Құрылыс және ТКШ комитетінің төрайымы Ирина Манжанова жиынды ашып, комитеттің ағымдағы жылғы қол жеткізілген нәтижелер туралы егжей-тегжей айтып берді.

Осылайша, Атамекен ҰКП мен салалық қауымдастықтардың бірлескен күш-жігерімен Құрылыс және жер қатынастары саласында бірқатар оң нәтижеге қол жеткізілді. Атап айтқанда, бюджеттік инвестициялық жобаларды түзету, құрылыс жұмыстарын мемлекеттік сатып алу, жобаларға сараптама жүргізу, автожол құрылысы мәселелері және т. б. мәселелер.

 Бұл ретте, спикер құрылыс саласының дамуын тежейтін шешілмеген мәселелердің бар екенін атап өтті. Мысалы: құрылыс саласының салалық бағдарламасының болмауы; халықтың тұрғын үйге төлемге қабілетті сұранысының төмендеуі; құрылыстағы мемлекеттік сатып алудың түйткілді мәселелері; бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау, қаржыландыру және іске асырудың түйткілді мәселелері, объектілерді салу үшін қажетті машиналар мен тетіктердің жетіспеушілігі.

Сондай-ақ, отырыста Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов Алматы қаласының құрылыс қоғамдастығында туындайтын проблемалар туралы айтып, ҰКП Құрылыс мен ТКШ комитеті мүшелерінің Алматы қаласында көшпелі отырыс өткізу бастамасы туралы оң пікір білдірді.

 «Бүгін Төралқаның орталық салалық комитетінің отырысы Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасының алаңында өтіп жатқанына өте қуаныштымыз. Түрлі алаңдарда жиналып, өңірлердің проблемаларын талқылап жатқанымыз жақсы. Алматыға келетін болсақ, бірқатар жұмыс жасалып жатыр. Бізде көптеген жыл ішінде алғаш рет бас жоспарға өзгерістер енгізілді, биыл іс жүзінде жаңа бас жоспарды қабылдадық», – деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы.

 Спикер оңтүстік астанада құрылыс үшін жер тапшылығын атап өтті.

«Алматы үшін біз заңдар және басқа да НҚА-ларды әзірлеу кезінде ескеруіміз керек бірқатар жайт бар. Қазір Алматыда жер учаскелерінің тапшылығы жағдайында әрекет етіп жатырмыз. Біз учаске алаңын ұлғайтпай, объектілердің қабаттылығын ұлғайтуға бірқатар түзету әзірледік», – деп атап өтті Нұрсұлтан Шоқанов.

 «Үшінші мәселе, біз қазір бірқатар НҚА әзірлеп жатырмыз, оның ішінде көптеген адамның мүддесін қозғайтын тозығы жеткен тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы бар. Сонымен қатар, заңнамада «ескірген тұрғын үй» ұғымы қарастырылмаған, бұл жөндеу ғана емес, ескі нысандарды сүруді де білдіреді», – деп атап өтті Нұрсұлтан Шоқанов.

 Жиын шеңберінде құрылыс саласының стратегиясын әзірлеу және Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жүргізіп жатқан құрылыс кодексін қабылдау жөніндегі жұмыстар мәселелері талқыланды.

«Бүгінгі таңда елімізде құрылыс саласын дамыту стратегиясын, оның ішінде мемлекеттік қолдау шараларын көздейтін бірыңғай бағдарламалық құжат жоқ. Мұндай құжат болса, инвесторлар өз дамуын қысқа және ұзақ мерзімді кезеңге жоспарлауға мүмкіндік алады», – деді Ирина Манжанова.

 «Қазіргі кезде екі іргелі құжатты орталық аппарат әзірлеп жатыр.  Біріншісі – Қала құрылысы кодексі, қазір Құрылыс кодексі деп аталады. Біз Кодекс жобасына барлық ұсынысымызды ҚазҚСҒЗИ-ға орталықтандырып жібердік. Бұл бүкіл ҰКП-ның пікірін шоғырландыру және кодекс қандай болуы керек деген көзқарасымыз. Өңірлік палатаның салалық кеңесі, салалық қауымдастықтар арқылы осы салыстыру кестесін оқып, өз ұсыныстарын беруді сұраңыз. Пікіріміз біржақты болуы керек. Екіншіден, біз салалық министрлік пен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен қазір «арба ат алдында келе жатқанын» дәлелдедік. Құрылыс кодексі – заң, жетістіктер мен белгілі бір мақсаттарды реттейтін нормалар. Бірақ, біздің мақсатымыз қойылмаған, ҚР аумағын дамытудың бас схемасы, ТКШ дамыту тұжырымдамасы өзекті емес, сол жердегі құжаттар да өзекті емес», – деді «Kazproperty» коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығына қатысушылар қауымдастығы» ЗТБ Development комитетінің төрағасы Қайрат Көкенов.

 ҰКП қазіргі кезде Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі және салалық министрлікпен бірлесіп, құрылыс саласын дамыту стратегиясын, оның ішінде инвесторлардың өз дамуын қысқа және ұзақ мерзімді кезеңге жоспарлауға мүмкіндігі болатын мемлекеттік қолдау шараларын көздейтін бірыңғай бағдарламалық құжатты әзірлеу және қабылдау мүмкіндігі мәселесі пысықтап жатыр.

Жиын соңында «Атамекен» ҰКП Төралқасы Құрылыс және ТКШ комитетінің төрайымы барлық қатысушыларға көрсеткен белсенділігі үшін алғысын білдіріп, саланың түйткілді мәселелерін шешуде одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.

 «Бізге түйткілді мәселелерді анықтау мақсатында Комитеттің көшпелі отырыстарын жиірек өткізу, өңірлерде бизнеспен кездесу, жүйелі және жеке өзекті мәселелерді шешуде тәжірибе алмасу қажет», – деп түйіндеді «Атамекен» ҰКП Төралқасы Құрылыс және ТКШ комитетінің төрайымы Ирина Манжанова.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер