Кәсіпкерлер бөлшек салықты қолдану үшін қызмет түрлері бойынша өз ұсыныстарын бере алады
Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында: ««Бөлшек салықты енгізу жөніндегі бастама өзінің қажеттілігін көрсетті. Оң тәжірибені ескере отырып, Үкімет салықтың қамту аясын екі есеге кеңейтеді», деп атап өтті.
Осыған байланысты қазіргі кезде бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану мақсатында қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту мәселесі қарастырылып жатыр.
Ұлттық палатаның қарауына ҚР қаулысының жобасы келіп түсті. Онда бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану мақсатында қызметтің 380 түрі қарастырылған.
Кәсіпкерлерді осы жобаны қарап, ұсыныстар болса, оларды тиісті негіздемемен Ұлттық палатаға мына электрон поштаға a.moldagaliyeva@atameken.kz осы жылдың 21 желтоқсанына дейін жолдауды сұраймыз.
Тізбемен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: