«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҰКП көмегімен елдің батысында электр энергиясының тапшылығына жол берілмеді

2023 жылғы 11 Желтоқсан
7358 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Батыс Пауэр» ЖШС жүгініп, энергетикалық бизнес үшін әділ тариф белгілеу мәселесін шешуге жәрдемдесуді сұрады. Қазіргі кезде ҚР Энергетика министрлігі «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрықтың жобасына жаңа тарифтер енгізуге ниетті. Бұл шара шекті тариф электр станциясының жұмысын қамтамасыз ете алмауына әкелуі мүмкін.

  «Атамекен» ҰКП мамандары Энергетика министрлігіне сарапшылық қорытындыны жолдады. Онда онда бұйрық жобасын қайта қарау және оған өзгерістер енгізу және «Батыс Пауэр» ЖШС үшін электр энергиясына шекті тарифтерді қолайлы деңгейде белгілеу қажеттігі жазылған.

  «Атамекен» ҰКП энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры Жақып Хайрушевтің айтуынша, құрамына Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары кіретін батыс өңірдің Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен электр байланысы жоқ. Осыған байланысты тапшылық туындаған жағдайда өңірдің электр энергиясына деген қажеттілігі Ресейден импорт есебінен қамтылады.

«Қазіргі жағдайда Орал ГТЭС-200 кәсіпорнының одан әрі жұмыс істеуіне қауіп төніп тұрғанына алаңдаушылық бар. Станция құрылғанынан бастап батыс оңірді барынша   электр энергиясымен қамтамасыз етті және электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен Ресей Федерациясының электр жүйесінен тәуелсіздігін сақтап қалды», - деді Жақып Хайрушев.

Спикер Ұлттық палата Энергетика министрлігіне мәселені шешуде «Батыс Пауэр» ЖШС-ға көмек көрсетуді ұсынғанын айтты. Нәтижесінде Энергетика министрлігі ұсыныспен келісіп, тарифті қолайлы деңгейде бекітті.

«Әділ тариф белгілеу мәселесі бойынша «Атамекен» ҰКП-мен бірлескен жұмыс арқылы бүгінде станцияның жұмысы жаңадан бекітілген тарифпен тиімді болып, компаниядағы қаржылық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді. «Орал ГТЭС-200» станциясының тұрақты жұмысы өз кезегінде жалпы электр энергетикасы саласына жағымды әсер етеді. Өйткені Ресей Федерациясынан электр энергиясын сатып алу көлемін азайтуға мүмкіндік береді», - деді «Батыс Пауэр» ЖШС Бас директоры Марина Балашова.

Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП мамандары электр энергетикасы саласындағы заңнаманың жетілмегені мәселелері сөзсіз нормативтік-құқықтық актілерге тезірек өзгерістер енгізуді талап ететінін алға тартты.  Өйткені электр энергетикасы тұтастай алғанда ҚР экономикасына үлкен әсер ететін аса маңызды инфрақұрылымдардың бірі.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер