«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлердің шағымдарын бірлесіп қарау – табысты кәсіп жүргізудің кепілі

2023 жылғы 07 Желтоқсан
6509 просмотров

«Атамекен» ҰКП алаңында Бас прокуратура, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының көшпелі отырысы өтті.

Жұмыс тобы бизнес субъектілерінің құқығын қорғау және қалпына келтіру, кәсіпкерлік саласындағы бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің шағымдарын сапалы қарауға бағытталған шараларды әзірлеу мақсатында құрылған.

Кезекті жиында «Атамекен» ҰКП-ның кәсіпкерлік субъектілерінің шағымдары және бизнесті қорғау бойынша ұзақ уақыт бойы өз шешімін таппаған мәселелерге қатысты 4 проблемалық кейсі қаралды.

Әр кейсті қарау кезінде  кәсіпкерлер прокуратура өкілдеріне проблеманың мәні туралы баяндап, сұрақтарына жауап алды. Бизнес шағымдары бақылауға алынды. 

Шағымдар қуаты аз мұнай өңдеу зауытында өндіріс паспортын беруді кешіктіру; негізсіз кешенді салықтық тексеруді тағайындау, құжаттарды тартып алуға қатысты болды. Бұл жайттар қызметкерлерге еңбекақы төлеуді кешіктіруге әкеп соғады.

 Ұлттық палата өкілдері жүйелі мәселелерді атады. Олардың қатарында жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органға қатысты шағымдар. Бұл орган уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап-арыздарға бастамашы болып отыр.  Жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою тәртібін сақтауды талап етпейтін талап-арыздар соттарға жіберіледі.

 Сондай-ақ, елді мекендер шегінде орналасқан кәсіпорындардың айналасындағы санитариялық-қорғау аймақтарын сақтау мәселесі өзекті. Кәсіпкерлер белгілі бір шарттарды сақтай отырып, аймақтың тұрғын үйлерге дейінгі қашықтығын азайту мүмкіндігі туралы мәселе көтеріп отыр.

 ҰКП Кәсіпкерлерді құқығын қорғау департаментінің басқарушы директоры Азамат Құсайынов атап өткендей, Бас прокуратурамен өтініштерді бірлесіп қарау кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін туындайтын маңызды мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді. Мұндай ынтымақтастық бизнесті жүргізу үшін қажетті шешімдерді тезірек қабылдауға жол ашады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер