Кәсіпкерлерге 2024 жылға жалпыға бірдей декларациялау қағидалары түсіндіріледі
Салық кодексіне сәйкес 2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі басталады. Оның шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды 2024 жылғы 1 қаңтарға қарай мынадай статустағы тұлғалар тапсыруы тиіс:
- заңды тұлғаның басшылары, құрылтайшысы және олардың жұбайы;
- жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайы.
Осыған байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2023 жылдың 8 желтоқсанында сағат 11.00-де (Астана қ. уақытымен) Мемлекеттік кірістер комитеті және Учет.kz порталымен бірлесіп, жалпыға бірдей декларациялау бөлігінде салық заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша семинар өткізеді.
Жоғарыда аталған тақырыпқа қатысты сұрақтарды 2023 жылдың 5 желтоқсанына дейін мына электрон поштаға жіберуді сұраймыз: a.moldagaliyeva@atameken.kz.
Сонымен қатар семинарда Учёт.kz порталының оқырмандары сұрақтарын қояды.
Семинарға өңірлік кәсіпкерлер палатасы немесе онлайн форматта мына zoom-сілтеме арқылы қатысуға болады:
Семинарды Учёт.kz порталында мына сілтеме арқылы онлайн көруге болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: