«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола кәсіпкерлеріне жалпыға бірдей декларациялауға көшу шарттары түсіндірілді

2023 жылғы 04 Желтоқсан
- Ақмола облысы
20221 просмотров

Жалпыға бірдей декларациялау мәселелері Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы сауда және қызметтер салалық кеңесі барысында қаралды.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталатыны белгілі. Оған жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары кіреді. Олар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыруы тиіс. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-форма) декларациялау жүйесіне кірген күнге жинақталған активтер мен міндеттемелерді тіркеуге арналған.

Сонымен қатар, белсенді емес жеке кәсіпкерлер де жалпыға бірдей декларация бойынша салық есептілігін ұсынуы керек. Бұл жағдайда заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органына қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш беру ұсынылады. Оның ЖК не қызметін тоқтатқан заңды тұлғаның басшысы болып табылатынын немесе сенімсіз салық төлеушілер тізімінде тұрғанын тексеру үшін Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсының электрон сервистеріне өту қажет.

«250.00 форманы мемлекеттік кіріс органдарына 15 қыркүйектен кешіктірілмейтін мерзімде «салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы арқылы электрон түрде ұсынылады (cabinet.salyk.kz) немесе e-salyq аzamat, egov mobile мобильді қосымшалары. Сонымен қатар, бүгінде Халық банкінің қосымшасы арқылы осы декларацияны ұсыну мүмкіндігі іске асырылды. Декларация толтырылғанға дейін салық төлеуші уәкілетті органдардың сайттарына өз бетінше өтіп, сондай-ақ Республикалық нотариаттық палатаға сұрау салу арқылы декларациялауға жататын мәліметтердің дұрыстығын тексере алады», - деп атап өтті Мемлекеттік кірістер департаменті облыстық өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Назгүл Аюпова.


Айта кетейік, келесі жылы 250.00 форманы ұсынғаннан кейін, 2025 жылдан бастап бұл тұлғалар жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00 форма) ұсынуы тиіс.


«Қазірдің өзінде қоғам тарапынан, оның ішінде кәсіпкерлер тарапынан жалпыға бірдей декларациялауға байланысты көптеген мәселе туындап жатыр. Біз өз тарапымыздан да өз алаңымызда түсіндіру іс-шараларын өткіземіз, Мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп «сұрақ-жауап» форматында zoom - конференциялар ұйымдастырамыз», - деп атап өтті ӨКП директоры Ерқанат Мұсылманбек.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер