«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жеке колледждер мәселесі өз шешімін тапты

2023 жылғы 01 Желтоқсан
- Қызылорда облысы
8547 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының тиісті құзырлы органдармен атқарған жемісті жұмысы нәтижесінде 9 жеке колледжде мемлекеттік тапсырыспен білім алатын 1267 оқушының ыстық тамағы мен жол ақысына жергілікті бюджеттен қаржы бөлу туралы шешім шығарылды.

Қыркүйек айында өткен Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты кеңесінде Қызылордада жеке колледжде оқитын оқушылар бірнеше жылдан бері әлеуметтік төлемнен қағылып келді деген шағыммен 9 жеке колледж өтініш білдірген болатын.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысы мен Оқу-ағарту министрлігінің №497 бұйрығына сәйкес  колледждерде басқа елді мекендерден мемлекеттік тапсырыспен келіп оқитын білім алушыларға жол ақысы төленіп, осал топтағы оқушылар ыстық тамақпен қамтылуы, ал мүмкіндігі шектеулі оқушыларға қосымша төлемдер жүргізілуі тиіс. Алайда, мемлекеттік орган өкілдері заң талаптарында жеке колледждер көрсетілмегендіктен, бұл төлемдерді төлеуге негіз жоқ екендігін  айтқан.

Осы орайда, Білім саласы кіші кеңесінің хаттамалық шешіміне сәйкес Адами капиталды дамыту бөлімімен бірқатар іс-шаралар жүргізіліп, оң нәтижеге қол жеткізді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер