«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнестің қай салаларында мәселелер басым?

2023 жылғы 01 Желтоқсан
7013 просмотров

Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы, білім беру, өңдеу өнеркәсібі, мұнай-газ және экология, салық салу, құрылыс және жер қатынастары, сатып алу, медицина, сауда, логистика және тасымалдау, энергетика және ТКШ, туризм салаларында проблемалар әлі де көп.

«Түйткілді мәселелер тізілімі» («Атамекен» ҰКП -ның atameken.kz сайтында)  әр кәсіпкер өзінің кәсіпкерлік тәжірибесінде кездесетін қиындықтар жайында хабарлама жібере алатын онлайн-платформа.

«Түйткілді мәселелер тізілімі» кәсіпкерлік субъектілері, өңірлік кәсіпкерлер палаталары, «Атамекен» ҰКП орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

Түйткілді мәселелер тізілімін құру кәсіпкерлік қызметтегі бар проблема мен кедергілер бойынша «жалпы көріністі» қалыптастыруға мүмкіндік бергенін атап өткен жөн. Сонымен қатар тізілім кәсіпкерлердің барлық проблемасын жүйелеуге, олардың шешімін іске асыру барысын бақылауға, тұтастай кәсіпкерліктің жай-күйі туралы ақпарат алуға жол ашады. Осылайша тізілім кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерін шешу бойынша шаралар кешенін қабылдауды талап ететін салаларды анықтауға көмектеседі.

Тізілімдегі мәселелер қалай топталады:

- статусы бойынша: шешілді, мемлекеттік органдардың қарауында, мемлекеттік органдар мақұлдады, мемлекеттік органдар қабылдамады, «Атамекен» ҰКП құрылымдық бөлімшелерінің қарауында;

- салалар бойынша: ауыл шаруашылығы, экология, сатып алу, тариф белгілеу, салық салу, білім беру, логистика және тасымалдау, сәулет және құрылыс және т. б;

 - бастамашы бойынша: қауымдастық, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Атамекен» ҰКП ОА құрылымдық бөлімшесі;

- күні бойынша: мәселе Тізілімге енгізілген күні көрсетіледі.

2023 жылға 30 қарашадағы жағдай бойынша Тізілімге 1136 мәселе тіркелген. Соның ішінде:

1. шешілгені – 761 (немесе 67 %);

2. жұмыста – 375 (соның ішінде ҰКП қарауында - 208, МО қарауында – 96, МО мақұлдағаны – 32, МО кері қайтарғаны - 39).

Өңірлік тізілім: 864 мәселеден тұрады. Соның ішінде 709 (82%) мәселе шешімін тапты.

Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы, білім беру, өңдеу өнеркәсібі, мұнай-газ саласы және экология, салық салу, құрылыс және жер қатынастары сатып алу, медицина, сауда, логистика және тасымалдау, энергетика және ТКШ, туризм саласында проблема басым. (Анықтама: Тізілімдегі шешілмеген мәселелер саны бойынша: ауыл шаруашылығы және АӨК – 86 мәселе, білім беру – 39, өңдеу өнеркәсібі – 35, мұнай-газ саласы және экология – 29, салық салу - 24, құрылыс және жер қатынастары – 24, сатып алу – 23, медицина – 13, логистика және тасымалдау - 9, энергетика және ТКШ-9, туризм-7).

 

Тізілмге енген мәселелер ішінде:

 

 

Күні

2023 жыл. 11 ай ішінде

 2022 жыл

 2021 жыл

 2020 жыл

 2019 жыл

 2018 жыл

 2017 жыл

 2016 жыл

Тізілімге енген мәселелер саны

33

299

277

27

37

53

140

434

Шешілген мәселелер саны

115

66

50

35

70

65

69

291

https://atameken.kz/ru/registers

2021-2023 жылдары «Атамекен» ҚР ҰКП Съезі, Ұлттық палата басшылығының өңірлердегі бизнес өкілдерімен көшпелі кездесулері аясында бизнес пен қауымдастықтар көтерген мәселелердің қосылуына байланысты 2020 жылмен салыстырғанда проблемалар саны артты.

Ағымдағы жағдайды бағалау үшін біз өңірлерде кәсіпкерлермен мерзімді кездесулер өткіземіз. Сондай-ақ, Ұлттық палата съезі қарсаңында белсенді талқылаулар жүргізіліп жатыр.

ҚР премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е. К. Жамаубаевтың төрағалығымен ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, Үкімет аппараты деңгейінде бизнестің түйіткілді мәселелерін қарау практикасын енгізуге байланысты 2023 жылы шешілетін проблемалардың саны 2022 жылмен салыстырғанда бірнеше есе өсті.

 

Салалар бойынша шешілген мәселелер

Логистика және тасымалдау

78

Басқа да салалар

73

Құрылыс және жер қатынастары

71

Сатып алу

71

Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі

64

Медицина және фермацевтикалық қызмет

57

Салық салу

46

Техникалық және кәсіптік білім

39

Туризм

35

Кедендік реттеу

33

Рұқсат процедуралар

27

Сауда қызметі

27

Қаржыландыру, несиелеу

24

Қылмыстық, әкімшілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама

18

Экологиялық реттеу

19

Табиғи монополиялар

14

Тау-кен және металлургия өнеркәсібі

12

Өңдеу өнеркәсібі

10

Білім беру

10

Өңірлік даму

10

Техникалық реттеу

9

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру

8

Өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік

6

Барлығы

761

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер