«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шымкент: Бейінді оқытуға қатысқандар өз кәсібін ашты

2023 жылғы 30 Қараша
- Шымкент қаласы
5645 просмотров

Шымкент қаласының кәсіпкерлік палатасында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде «Кәсіпке бағыт» салалық оқытуы өтті. «Мен кәсіпкер» құралы аясында өткізілген оқу биыл үш бағыт бойынша ұйымдастырылды.

Атап айтқанда техникалық қызмет көрсету станциялары (детейлинг орталық ұйымдастыру) бойынша «Detailing Centre» жеке кәсіпкерлігіндегі оқуға 15 адам қатысты. Курс нәтижесінде бірнеше азамат өз ісін бастады, солардың бірі – «Аманат» жеке кәсіпкерлігі.

Сонымен қоса жеткізу қызметі бар қоғамдық тамақтану орны кәсібін ұйымдастыру бойынша оқуға 18 адам қатысып, «Salem Company Kazahstan» ЖШС-нің тәжірибесін үйреніп шықты. Арасынан «Қасқыр СӘ» жеке кәсіпкерлігі ісін бастап кетті.

Ал тігін өндірісі саласын меңгеруге 13 тұрғын ниет білдіріп, оларға тігіншілікпен бірнеше жылдан бері айналысатын «Kasiet Collection» компаниясының жетекшісі Гулфайрус Шегебаева менторлық жасады. Бұл бағыт бойынша «Халимбетова» ЖК өз кәсібін ашты.

Осылайша үш сала бойынша салалық оқуға қатысып, тәжірибе жинаған тұрғындар өз ісін ашып, бастап отыр.

Айта кетейік, «Кәсіпке бағыт» курсы жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін тегін өткізілді. Бір апта тәжірибе жинаған кәсіпкерлерге арнайы сертификат беріліп, ары қарай үш ай сүйемелдеу қарастырылған.

Бұл бағыттағы оқуға өтінімдер Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304Г ғимарат, «Заңғар» бизнес орталығында қабылданады. Жұмыс уақыты 09:00-ден 18:00-ге дейін.

Кәсіпкерлер палатасының менеджер-консультанты: 8 705 280 22 19


Еншілес ұйымдар

Серіктестер