«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті көлеңкелі экономикадан шығару үшін ынталандыру шаралары қажет – сарапшы

2023 жылғы 28 Қараша
6021 просмотров

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте шаруашылық қызмет субъектілері үшін экономикалық, құқықтық ынталандыру беретін шараларды әзірлеу, жқмысты заңды нарықта жүзеге асыру ұсынылды.

2023 жылғы 28 қарашада қаржы мониторингі агенттігінде Қайырбек Сүлейменовтің төрағалығымен Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті.

Кеңесте «Атамекен» ҰКП-ның Қаржы мониторингі агенттігімен бизнестің құқығы мен заңды мүддесін қорғау жөніндегі өзара іс-қимылын күшейту туралы мәселе қаралды.

Кеңес жұмысына Өңірлік кәсіпкерлер палаталары кеңестерінің төрағалары мен Агенттік департаменттерінің басшылары қатысты.

 Жиында Қайырбек Сүлейменов Агенттік және Ұлттық палата арасында тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін институционалдық негіздер құрылғанын атап өтті. Кеңестің көшпелі отырысының мақсаты Агенттік пен Ұлттық палата, сондай-ақ өңірдегі кәсіпкерлердің неғұрлым өзекті мәселелерін шешу жөніндегі жұмысын жандандыру.

 Жиында Агенттік, «Атамекен» ҰКП және Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл арасында экономикалық қылмыстардың алдын алуға және кәсіпкерлерді заңнаманы сақтауға ынталандыру, агроөнеркәсіп кешені, құрылыс, сауда, акцизделетін өнім айналымы және кеден саласында көлеңкелі экономиканың өсуін шектеу жөніндегі бірлескен шараларды жүзеге асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы келісім табысты іске асырылып жатқаны атап өтілді.

 «Агенттік қабылдаған шаралар бизнеске қысымды едәуір төмендетуге, сот перспективасы жоқ тергелген қылмыстық істердің санын қысқартуға және сол арқылы кәсіпкерлерді қылмыстық процестерге тартпай мемлекеттік бюджетті қорғауға мүмкіндік берді», – деп атап өтті Кеңес хатшысы Батыржан Ашитов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның қабылдануымен Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты түбегейлі қайта құрды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға баса назар аударылды. Тәртіптік практика күшейтілді және басшылардың дербес жауапкершілігі артты.

 Қазіргі кезде Агенттік «Бизнесті қорғау» жобасын іске асырып жатыр. Онда кәсіпкерлік субъектілерін қылмыстық процеске негізсіз тарту фактілеріне уақтылы ден қоюға мүмкіндік беретін индикаторлар әзірленді. Нәтижесінде қылмыстық қудалау органының заңсыз әрекетіне қатысты бизнес субъектілері өтініштері санының төмендеуі байқалады.

 Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде Агенттік мүдделі мемлекеттік органдар және кәсіпкерлік қауымдастықтарымен бірлесіп, экономикалық құқық бұзушылықтарды қылмыссыздандыруға және кәсіпкерлерді салық қылмыстары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту нормаларының шегін айқындаудың әділ тетігін енгізуге бағытталған қылмыстық заңнамаға өзгерістер пакетін әзірлеп жатыр.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер мен Агенттіктің өзара іс-қимылы әлі де нәтижелі болмай жатыр. Осы жайт кәсіпкерлердің құқығын бұзумен барынша тиімді күресуге мүмкіндік бермейді. Агенттіктің тергеу бөлімшелері негізінен бюджет пен мемлекеттік активтерді қорғауға бағытталған қылмыстарды зерттейді. Рейдерлік (ҚК 249-бабы), Заңсыз монополиялық қызмет (ҚК 221-бабы), коммерциялық құпияны заңсыз жария ету және инсайдерлік ақпаратқа қатысты заңсыз әрекеттер (ҚК 223, 230-бабы) сияқты кәсіпкерлердің құқығына қол сұғатын заңның қылмыстық бұзушылықтарын анықтау практикасын кеңейту қажет.

  Мемлекет үшін маңызды бағыттардың бірі – көлеңкелі экономикамен күрес. Үкімет көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын бекітті. Алайда, Кешенді жоспардың іс-шаралары репрессиялық сипатта ие немесе әкімшілік процедуралармен байланысты.

 «Бизнесті ашық нарыққа шығуға ынталандыратын шаралар жоқтың қасы. Дегенмен экономиканың көлеңкелі секторының өндірістерін заңдастыру, әкімшілік рәсімдерді күшейтуден басқа, бизнесті өз қызметін заңды түрде жүзеге асыруға ынталандыру кезінде мүмкін болады», – деп атап өтті Қайырбек Сүлейменов.

Қатаң шаралардың ешқайсысы бизнесті көлеңкеден шығармайды.  Өйткені көп жағдайда кәсіпкерге мемлекеттік органдар енгізген барлық рәсімді орындаудан гөрі кәсібін жабу оңайырақ болады.

Осылайша, әмбебап базарларды жаңғырту жөніндегі науқанның кейінгі бес жылында мемлекет жүргізіп отырған экономикалық қолдаудың болмауы сауда саласындағы көптеген кәсіпкердің қызметін тоқтату қаупін туғызды. Өйткені Алматы қаласында және басқа өңірлерде бірнеше базардың жабылуына әкеп соқтырды. Тиісінше мұндай шаралар саудадағы көлеңкелі сектордың дамуын ынталандырады.

«Жалпы, қазіргі кезде Қаржы мониторингі агенттігі мен «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастырушылық - құқықтық қамтамасыз ету және инфрақұрылым қалыптастырылды және осы бағытта мақсатты жұмыс жүргізілуде», – деп қорытындылады Қайырбек Сүлейменов.

Кеңес қаржы мониторингі агенттігі мен Ұлттық экономика министрлігінің ұсынымдарын айтты.

Қаржы мониторингі агенттігіне:

- аумақтық департаменттерді көлеңкелі экономиканың өсуіне ықпал ететін және кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін жүйелі проблемалар мен әкімшілік кедергілерді жою үшін қаржы мониторингі агенттігі, «Атамекен» ҰКП және Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл арасындағы ынтымақтастық туралы келісімнің іс-шараларын іске асыруды жандандыруға бағыттау;

  - заңда белгіленген құзыретке сәйкес кәсіпкерлердің құқығын шектейтін қылмыстық монополиялық егжей-тегжей және рейдерлікке және басқа да қылмыстарға қарсы күресті күшейту ұсынылды.

 Ұлттық экономика министрлігіне Кеңес 2023-2025 жылдарға арналған көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарына шаруашылық қызмет субъектілері үшін экономикалық, құқықтық ынталандыру беретін іс-шараларды енгізу, жұмысты заңды жүзеге асыруды ұсынды.

«Көтерме және бөлшек сауда» бөлімінде базарларды жаңғырту кезінде сауда үйлерінің құрылысын экономиканың басым салаларының субсидияланатын объектілерінің тізіміне енгізу көздеу ұсынылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер