«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодар облысында қыз-келіншектер СММ негіздерін үйренді

2023 жылғы 28 Қараша
- Павлодар облысы
9225 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында СММ негіздері бойынша оқу өтті. Курсты СММ агенттігі ұйымдастырды.  Оған 13 кәсіпкер қыз-келіншек, кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдер тегін қатысты.

Оқу бес күн ішінде өтті. Кәсіпкерлер жеке әлеуметтік парақшаны жүргізу, тауарды онлайн сату, қызмет қсынуды игерді. Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында СММ саласындағы дағдылар, біліктілікті арттыру бойынша осы курстың қорытындысы шығарылды.

«Атамекен» мұндай жұмысты кәсіпкерлік бастамасы бар бизнес өкілдері мен халықты қолдау бөлігінде тегін негізде жүргізеді. Сіздер үшін біз қызмет көрсетушіні табамыз, біліктілікті арттыру үшін курс ұйымдастырдық», – деді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов қатысушыларға.

Оөу аяқталған соң қатысушыларға сертификаттар табысталды. Ерқанат Әбенов осы күндері сабақ берген тренерлерге де алғысын білдірді.

«Сіздер үйреткен дағдыларға бизнес пен кәсіпкерлік бастамасы бар халық тарапынан үлкен қажеттілік бар. Бизнеспен айналысқысы келетіндер бар, бірақ жолын білмейді. Осы бағытта бізді қолдағаныңыз үшін рахмет», – деді ол.

СММ агенттігінің негізін қалаушы Карина Рубахина осы курсқа керемет тыңдаушылар қатысқанына ризашылығын білдірді. Маманның айтуынша, адамдар негізінен әлеуметтік желілердің құндылығын түсініп келеді.

«Қазір жеке брендті дамыту керек. Біз оны әлеуметтік желілер арқылы тарата бастағанда,  өз бизнесімізге сенімді боламыз. Қандай кәсіп болса да маңызды емес. Бүгін бұл мейрамхана болуы мүмкін, ал ертең сұлулық қызметі. Егер біз адамдарға өзіміздің қандай екенімізді, шынайы, ашық екенімізді көрсетсек, өзімізді дұрыс көрсете білсек және әлеуметтік желілерде сата алсақ, бұл бізге әрқашан кәсіби өсуге, кез-келген дамуға көмектеседі. Адамдар мұны қазір түсініп, оқи бастағаны өте жақсы. Бұрын түйіндемеде «дрбес компьютермен жұмыс істей алады» деген жолақ болды, ал қазір «СММ жүргізу» жолағы осындай мәнге ие болды», – деп атап өтті Карина Рубахина.

Әріптестерінің айтуынша, осыдан бес-он жыл бұрын СММ саласында жас және ересек буынның нақты шекарасы болған. Қазір мұндай шек жоқ. Жас буынды білдіретін жігерлі тренерлер өз білімдерін кейбір заманауи салаларда жеткізе алады, ал үлкен буын өз саласын үйретеді, осындай байланыс жақсы деп атап өтті жаттықтырушылар.

«Атамекен» кәсіпкерлер мен білім алғысы келетіндер арасындағы көпірді ұйымдастырды, соған айналады. Бүгінгі таңда бизнесті ілгерілету әлеуметтік желілерді дұрыс жүргізуге және жалпы өзіңізді қалай көрсете аласыз соған байланысты. Әрине, интернетте жасалған бейнеге сай болу керек», – деді ӨКП директоры Ерқанат Әбенов.

ӨКП директоры барлық қатысушыға бизнесте сәттілік тілеп, СММ-де жетістікке жетуді тіледі.

«Атамекен» бизнесті одан әрі дамыту, халықты кәсіпкерлік ортаға, оның ішінде біздің әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығындағыдай құралдар арқылы тартуға көмектесетін болады. «Атамекеннің» функциялық мүмкіндіктерінің ауқымы өте кең: бизнесті қорғау, дамыту, кеңес беру және қаржылай мүмкіндіктері бар, бірақ оларды бизнеске бағыттау қажет адамдар үшін осындай қызметтерді ұсыну керек. Біз осындай бағытта қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді Палата директоры.

«Маған оқу өте ұнады. Тренерлер барлық материалды қол жетімді және қарапайым тілмен түсіндірді. Мен бизнеспен енді ғана айналыса бастадым және әлеуметтік желіде парақша жүргізуде қиындықтар туындады. Тренерлер аккаунтымды жобалауда қандай ерекшеліктер бар екеніне көзімді ашты», – деп бөлісті курс тыңдаушыларының бірі.

«Осындай мүмкіндік үшін «Атамекенге» алғыс айтқым келеді. Сіз жай ғана білім берген жоқсыз, қолға қармақ бердіңіз. Бәрі ойдағыдай болады. Олар менің арманымды нақты суретке түсіруге көмектесті. Мен сізге өмір бойы ризамын!» – деді екінші қатысушы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер