«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Zamanға сай орта білім – адами капиталдың негізі

2023 жылғы 16 Қараша
- Алматы қаласы
4497 просмотров

Дереккөз: zaman.kz

Алматыда халықаралық стандарттар бойынша орта білімнің барлық спектрін қамтитын қазақ тілінде тереңдетілген білім беретін жеке мектеп жұмыс істейді. Кең дәліздер, заманауи жабдық, ұлттық нақыштағы атрибуттар, жоғары стандарттар – бұл білім ордасының бірегей екенін көрсетеді. Тіпті сабақ арасындағы үзіліске қоңыраудың орнына домбыра үні қазақ мәдениеті, қазақ тіліне құрметтің жоғары екенін білдіріп тұрғандай.

Осы материалда «Zaman» элиталық қазақ мектебі» ЖШС бас директоры Гауһар Нұровамен сұхбаттастық.

– Гауһар Рахманбердіқызы, қазақ тілінде де Заманауи орта білімді игеруге болатынын бүгін осы мектепті аралаған соң көрдік. Жалпы мектеп жайында айтып берсеңіз.

– Білім саласында көп жыл бойы еңбектеніп келеміз. Білім, білік жинақтаған соң жолдасым екеуміздің қазақ тілінде іргелі білім беретін орта мектепті құру арманымыз, мақсатымыз болды. Бұл мақсатқа ұзақ ұмтылдық, еңбек еттік, іздендік. Нәтижесінде бірегей мектептің негізін қаладық. Бұған дейін басқа да шағын жеке білім орталықтарымыз, мектептеріміз болды. Сол багаж, білім, тәжірибе, білікті әріптестес-мамандар бірігіп, бірегей жоба – « Zaman» мектебі 2022 жылы құрылды.

 Мектептің заңды атауын талқылау барысында мектеп негізін қалаушылар «элита» сөзін молшылық, байлық ретінде емес, бұл сөздің тарихи аспектісіне, атап айтқанда «қазақ элитасы» немесе «Алаш зиялылары» деген мағыналы, қазақ тарихында, қоғамында елеулі орны бар тіркестердің аясында қарастырды. Қысқаша айтатын болсақ, «элита» деп біз қате пайымдалған әл-ауқатты тұлғаларды емес, «белгілі бір қоғамда мінез-құлқы, білімі және шығармашылық қабілеттерімен ерекшеленетін тұлғалар ретінде қарастырамыз.

– Мектеп қандай оқу бағдарламасына негізделген?

– IB – International Baccalaureate – мектептерге арналған халықаралық оқу бағдарламасы. Бағдарлама төрт бөлікті қамтиды: PYP – балабақша мен бастауыш сыныптар бағдарламасы (3-10 жастағы балаларға арналған), MYP – орта мектеп бағдарламасы (11-16 жастағы оқушыларға арналған), DP – жоғары мектеп бағдарламасы (17-19 жастағы оқушыларға арналған) және CP – кәсіптік дайындық бағдарламасы. 

IB бағдарламасының философиясы бойынша  оқушы оқу процесінің жүрегі саналады. Бұл оқу процесінің оқушының өзіне бағытталғанын көрсетеді. IB миссиясы мектеп оқуының нәтижесі ретінде әлемдегі бүкіл адамазаттың өмірін жақсартуын қарастырады. Ол үшін мектептегі бала тәрбиесі оқу процесінің ажырамас бөлігі саналады. Бағдарламаның барлық компоненті оқушының қалыптасуына бағытталған және осы мақсатта жүзеге асырылады.  IB бағдарламасы оқушыны шынайы өмірге дайындайтын әлемдегі ең танымал және құрметі зор бағдарлама.

Сабақта оқушылар фактілерді жаттаудан гөрі кез келген тақырыпты тереңінен түсінуді үйренеді. Зерттеп жатқан құбылыстарының өмірдің әртүрлі аспектілерімен байланыстыра отырып оқушылар білімдерінің қай салада пайдалы болатынын және өздері үшін кәсіби бағдарларын анықтайды. Арықарай тоқыған білімдерін өмірде қолдану үшін және мектеп бітірген соң кез келген салада жаңа білім меңгеру үшін оқушылар мектепте оқу барысында дағдыларын дамытып келеді. 

Мысалы, 175 дағды негізгі бес топқа жинақталған: өзін-өзі басқару (оның ішінде уақытын басқару, қиындықтарға төзімділік, жауапкершілік таныту дағдылары); әлеуметтік (басқалармен тіл табысу, айналасындағы адамдарға құрмет пен сыйластық таныту, басқа көзқарас қабылдау, конфликт шешу); коммуникативті (салауаттылық таныту, оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау дағдылары); зерттеу (бақылау, жоспар құру, мәлімет жинақтау, зерттеу орындау, зерттеуден нәтижелер шығару ); ойлау (талдау (синтез, анализ), білімді қолдану, сыни тұрғадан қарастыру).

– Кәсіби бағдарға қалай көңіл бөлінеді?

– Бала мамандығын осы мектептен бастап таңдауға мүмкіндігі бар. Ол таңдауға көп уақыт бөлуге жағдай қарастырылған. Бізде кәсіби бағдар қызметі бар. Профориентологияға баса назар аударамыз.  Бала 8-9 сыныптан бастап, қандай бағытта қабілеті барын біліп, болашақ мамандығын өзі таңдап, сол бағытта дайындалады.

 – Неге біз білім ордасын осындай архитектурада салынды?

Себебі білім енді бәрібір ол шексіз дүние ғой. Соған орай біз мектеп ғимаратын классика үлгіде салдық. Классика деген сөз үлгі алуға лайық деген мағынаны білдіреді. Сол үшін әр детальді келістіріп, барлығын іргетастан ойластырдық десе болады. Классика, білім мазмұны бәрі үйлесім тапқан орын жасадық. Мұндай мектепті көргенде балалардың да оқуға деген ынтасы оянады, құлшынысы артады, ата-аналардың сенімі жоғары болып келеді. Қазақ тілінде білім беріп, қазақша дәстүрге үйретеміз, тәрбие береміз, әлемдегі озық оқу бағдарламалары арқылы оқытамыз – біздің көздеген моделіміз осындай.

– Оқу процесінде салт-дәстүр, мәдениетке қалай көңіл бөлінеді? Қандай пәндермен сабақтасады?

–  Әр сабақта. Бірінші кезекте мұғалім сабақты бастамас бұрын өзінің патриоттық тәрбиені айтады. Әр ай бізде белгілі бір тақырыпқа арналады. Мысалы қыркүйек «сүйіспеншілік» тақырыбына арналды. Қазан «қайырымдылық» тақырыбына арналды. Балаларға мейірімді болу өзгеге жақсылық жасау, үлкендерге көмектесу сынды ұғымдар түсіндірілді. Осы тақырыптарда ашық сабақтар, сұрақ-жауап сағаттары өткізілді. Мысалы кеше қайырымдылық жәрмеңкесін өткіздік. Әр мұғалім сабағын сол айдағы тақырыпқа сәйкес жүргізеді.

–   Мектепте әлеуметтік бастамалар бар ма?

–   Иә, әрине. Мысалы мектеп мұғалімдерінің балалары мектебімізде грантта оқиды. Үздік оқитын оқушыларға 50 пайыздық жеңілдік жасалған. Жүз пайыздық гранттар да қарастырылған. 4-5 баласы бар отбасыларға жеңілдіктер бар.

–    Дамыған елдерге зер салсақ, ғылымы дамып, жылына көптеген өнімдер әзірленіп, жаңалығы шығып жатады. Қазақстанда адами капиталды сапалы дамытуға не жеткіліксіз? Өскелең ұрпақты қалай білімге баулуға болады? Осы бағытта орта білімнің рөлі қандай?

–  Адами капиталды дамытуға орта білімнің жоғары пайызда әсері бар, мектептің рөлі зор. Мектептегі АВ бағдарламасын қайта айтып өтсем, дәл осы бағдарлама баланың жан-жақты дамуына көп әсер береді. Лидер болу, бәсекеге қабілеттілік, басқа адамның пікірін сыйлай білу, тыңдай білу, коммуникация және т.б.. Осының бәрі – АВ бағдарламасының негіздері біздің қазақи менталитетіміз, тәрбиемізге келеді, тамаша үйлеседі. Сол үшін қазіргі Zamanға сай адамды біз барынша күшімізді салып,  Zamanға сай жас буынды өсіреміз деген сеніміміз бар.

–  Мұнда ата-ананың рөлі қандай?

–  Ата-ананың рөлі міндетті. Бағдарламада «мүғалімдер – оқушы – ата-ана» үш бағытта жұмыс істеледі. Әр жиналыс, ата-аналармен кері байланыс, онлайн байланыс орнаған. Ата-аналармен бірге аналитика жасалады.

 Zaman мектебі нарықта 2022 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қуаттылық 600 балаға шақталған. Қазір осы көлемде бала қабылданған. Тағы жоғары сыныптарға арнап жаңа корпус салынып жатыр. Биыл екінші оқу жылына қадам бастық. Штатта150-ге жуық маман бар, соның 120-сы – педагог. Жоғары санаттағы ұстаздар бар.  Былтыр 25 түлекті шығардық. Олардың бәр жақсы көрсеткіштермен оқу орындарына түсті. Бірақ АВ бағдарламасын біз биыл ғана енгіздік. Әр бағдарлама өз нәтижесін бес жылдан кейін көрсете бастайды. Қазір біз халықаралық комиссиядан кандидаттықты алып жатырмыз, яғни құжат жағы, білім беру, халықаралық стандарттарға сәйкестігімізді растап жатырмыз. Кандидаттықты алып, осы бір екі жылда авторизациядан өтсек, «Zaman» мектебі халықаралық мектеп статусын алады.

–   Жеке мектепті қай жағынан дамыта түсу керек? Мемлекеттік қолдау қандай?

– Мен өзім қазақ тілінің, қазақ тәрбиесінің жанашыры болғаннан кейін қазақ мектептеріне көбірек қолдау болса, жеке мектептегі мұғалімдерге көтермелеу қарастырылса деген тілек бар. Ұстаздарға да барынша қолдау көрсетуге тырысамыз. Өйткені жеке меншік секторда білікті мамандарды ұстап қалу өте қиын. Жалпы алғанда отандық нарықта білікті мамандар тапшы екені белгілі. Сондықтан біз жас мамандарды өзімізге шақырып, мектеп қабырғасында біліктілігін арттырып, бағдарламамызға қарай бағдарлаймыз. Қайта оқытамыз десек болады.

Енді Қазақстан болғаннан кейін қазақ мектептеріне кішкене басымдық берілуі керек, назар аударылуы керек деп санаймын. Оның үстіне қазақ тіліндегі білімге, сапалы білімге сұраныс артып келеді.

–  Сұхбатыңызға рахмет.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер