«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қоғамдық тамақтану орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бақылауда

2023 жылғы 10 Қараша
- Түркістан облысы
4947 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері облыс орталығында орналасқан тамақтану орындарының өкілдерімен жиналыс өткізді. Басқосуда қоғамдық тамақтану орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, топтық тамақтан улану, сондай-ақ өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы айтылды.

«Әрине ас ішу арқылы адам өзіне керек витамин, белок секілді органикалық заттарды тұтынады. Бірақ, тағамдарымызды пайдаланбас бұрын оның сапасы, құрамы, пайдалану мерзіміне қараған жөн. Міне сол кезде ғана тамақтан уланудың алдын алуға болады», – деді қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің басшысы Үмітхан Манашова.

Тамақтан уланудың алдын алу шаралары туралы кеңінен түсіндірген мамандар тамақтану орындарында бірінші кезекте тұрынушының денсаулығына мән беру қажеттігін атап өтті. Көптеген бактериялық, вирустық немесе паразиттік агенттер тамақтан улануды тудырады. Сондықтан, азық-түліктің жарамдылық мерзімін ескерусіз қалдырмаған жөн.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер