«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан мен Жапония кәсіпкерлері Астанада өткен бизнес-семинарда тәжірибе алмасты

2023 жылғы 08 Қараша
7969 просмотров

Астанаға жапондық бизнес-делегация келді. Делегация құрамында балық, күріш өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру және табиғи апаттардың алдын алу саласында жұмыс істейтін 25 компания өкілдері болды.

 Бұған дейін жапондық компаниялар қазақстандық кәсіпорындарға барған болатын. Бүгін «Атамкен» ҰКП-мен бірлесіп, JICA компаниясы қазақстандық компаниялардың қатысуымен екіжақты байланысты жолға қою бойынша бизнес-семинарлар ұйымдастырды. Семинар аясында жапондық компаниялар өздері туралы айтып, B2B кездесулер өткізді.

 Бұл шара қазақстандық бизнес үшін ынтымақтастық мүмкіндіктерін біліп, Жапониядан серіктестер табуға мүмкіндік берді.

 Шараға «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков, Хоккайдо экономика, сауда және өнеркәсіп бюросының өкілі Насимура Манабу және Қазақстандағы JICA жергілікті кеңсесінің серіктестері қатысты.

 «Қазақстан мен Жапония географиялық тұрғыда алыс орналасқанымен бізді ортақ мақсаттар біріктіреді. Ортақ күш-жігермен бизнес-қызметімізді дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыра аламыз деп ойлаймын. Біздің түрлі мәдениеттеріміз бен бизнес жүргізу тәсілдеріміз оны ілгерілету үшін бірыңғай платформа құруға көмектеседі. Қазіргі кезде Қазақстанның жоғары өсу қарқынын көрсетіп отырғанын білеміз, сондықтан біз ынтымақтастыққа мүдде танытып отырмыз.  Қазақстандық компаниялардың да жапондық бизнес өнімдерін көруге мүмкіндігі болады», – деді Насимура Манабу.

 «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков Ұлттық палата екі елдің бизнесі арасында тығыз қарым-қатынас орнатуға барынша белсенді қатысып отырғанын, ауыл шаруашылығы сегменті, табиғи ресурстарды үнемдеуді зерттеу саласы, сондай-ақ жапондық компаниялар мысалында корпоративтік ілгерілеудің практикалық және нақты мысалдарын зерделеу қажеттілігін атап өтті.

 «Бүгінгі шара Қазақстан мен Жапония бизнесі арасындағы әріптестік қатынастарды орнатуда үлкен рөл атқарады. Бұдан басқа, келесі жылы «Іскерлік байланыс» жобасы аясында қазақстандық кәсіпкерлер Жапонияда бизнес-тағылымдамадан өте алады», – деп қорытындылады спикер.

Жапон компанияларының қатысуымен балық өңдеу және құрылыс материалдары саласында келесі семинар 9 қарашада Алматы қаласында «Қазақстан» қонақ үйі «Grand Palace» залында өтеді деп жоспарланған.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер