«Қазақстандық қамту 2.0» бірінші халықаралық форумы
Халықаралық форум барысында жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуының жаңа талдамалық жүйесі таныстырылады. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
16 қарашада Астанада ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың қаытсуымен «Қазақстандық қамту 2.0» бірінші халықаралық форумы өтеді.
Форумды «Атамекен» ҚР ҰКП және ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өткізеді.
«Бір алаңда біз тау-кен металлургия саласының (ТМК) өкілдері, отандық тауар өндірушілер, уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдері, инвесторлар, халықаралық сарапшыларды жинап, ТМК-ны дамыту, тау-кен металлургия кешеніндегі жергілікті қамту үлесін ұлғайту жөніндегі жаңа тәсілдер, елішілік құндылықты дамыту жөніндегі халықаралық компаниялардың озық тәжірибелерін талқылаймыз», – деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин.
Спикердің айтуынша, жоғарыда айтылған мәселелер Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында көрініс тапты. Бұл шара реттелетін сатып алудағы елішілік құндылықты дамыту жөніндегі міндеттің жоғары саяси маңызын растайды.
Анықтама: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 6-тармағында реттелетін сатып алуда отандық өндірушілермен офтейк-келісімшарттардың үлесін кемінде 10%-ға дейін жеткізу және реттелетін сатып алудағы қазақстандық қамту үлесін 3 жыл ішінде кемінде 60%-ға дейін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар көзделген.
ТМК саласы экономикадағы жүйе құрушы салалардың бірі. Оның 2021 жылдың қорытындысы бойынша елдің ЖІӨ-дегі үлесі 14,1%-ды құрағанын, жыл сайын ТМК секторының ірі кәсіпорындары 5,3 трлн теңге ТЖҚ (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) сатып алуды жүзеге асыратынын айтып өткен жөн (11 млрд доллар). Соның едәуір бөлігі импорттық тауарлар.
ТМК-сектор өзінің негізгі қызметі төңірегінде ШОБ (отандық өндірушілер) белдеуін (ТМК) құру мен нығайтудың жоғары әлеуетіне ие.
«ТМК сектор кәсіпорындары түсімінің 1 теңгесіне экономиканың басқа салаларында қосымша 1.6 теңге түсім өндіріледі. ТМК секторының 1 жұмыс орнына экономиканың басқа салаларында 2.6 жұмыс орнына қолдау көрсетіледі. ТМК секторы салықтарының 1 теңгесіне экономиканың басқа секторларында қосымша салықтардың 1.8 теңгесі өндіріледі», – деп түсіндірді Мұрат Амрин.
Бұдан басқа ТМК саласында импорттық өнімді 10-15%-ға алмастыру – экономика өсуі, салықтар, ШОБ шығаруы және жаңа жұмыс орындарының әсерлі көрсеткіштері түрінде көрініс табады.
Мәселен, KPMG (KPMG – аудиторлық, салықтық және кеңес беру қызметтерін ұсынатын фирмалардың халықаралық желісі) халықаралық консультанттарымыздың болжамды есептеуіне сәйкес, дайын тауарлар импортын ТМК-ға 1,2 трлн теңгеге алмастыру кезінде жыл сайынғы салық түсімдерінің 86 млрд теңге сомасында өсуі, қосымша 48 мың жұмыс орнын құру, өңдеу өнеркәсібіндегі орта кәсіпорындар шығарылымының 40%-ға ұлғаюы күтілуде.
«Атамекен» ҰКП өкілінің айтуынша, жер қойнауын пайдаланушыларды сатып алу саласындағы ағымдағы реттеу қазақстандық қамту үлесінің өсуіне ықпал етпейді.
«Отандық тауар өндірушілердің дамуын тежейтін негізгі проблемалардың ішінде сұраныс кепілдіктерінің болмауы, жер қойнауын пайдаланушылардың жиынтық сұранысын мониторингілеу мүмкіндігі және тұрақты тұтыну тауарларын сатып алудың орта мерзімді жоспарлары, түпкілікті өнімдегі локализацияның сапасы мен үлесін арттыру үшін ынталандыру сияқты мәселелерді атап өтуге болады», – деді спикер.
Осыған байланысты, Ұлттық палата мамандарының пікірінше, ТМК және ШОБ (отандық тауар өндірушілер) секторының әлеуетін ашу үшін өндірістік қуаты бар, түпкілікті өнімде локализациясы бар нақты және әлеуетті отандық өндірушілерді айқындау; офтейк-келісімшарттар жасасу кезіндегі арбитраж; локализация үлесінің дамуын ынталандыру; жасалған офтейк-келісімшарттар бойынша инвестициялық жобалардың іске асырылуын мониторингтеу және түпкілікті бақылау сияқты жаңа тәсілдеме қажет.
Ұлттық палата форумда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, ТМК-компаниялары және отандық тауар өндірушілермен бірлесіп әзірлейтін сұраныс пен ұсынысты салыстыратын қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуының жаңа талдамалық жүйесін таныстыру жоспарланған.
Осы платформа шеңберінде ТМК кәсіпорындарының тауар, жұмыс қызмет бойынша өзекті сұранысын мониторингілеу және тау-кен секторының қажеттіліктері үшін қолданыстағы/әлеуетті отандық өндірушілерді іздеу жөніндегі функция көзделетін болады.
«Форум қорытындысы бойынша оффтейк-келісімшарттар мен ұзақ мерзімді шарттар жасасу рәсімін оңтайландыру; отандық өндірушілер мен тау-кен металлургия кәсіпорындары арасында оффтейк-келісімшарттар және ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу; отандық тауарлар мен қызметтерді өндірушілердің басым инвестициялық жобаларының тізілімін қалыптастыру; ҚР Үкіметі, ҰКП, жер қойнауын пайдаланушылар мен отандық өндірушілердің отандық таура өндірушілер саласын дамытуды ынталандыру, елішілік құндылықты дамыту бағытында бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу сияқты шешімдерге қол жеткізіледі деп күтілуде», – деді Мұрат Амрин.
«Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директорының бірінші орынбасары Максим Кононов тау-кен металлургия саласының кәсіпорындары Мемлекет басшысының сатып алынатын тауарлардағы қазақстандық қамту үлесін ұлғайту қажеттілігі туралы тапсырмаларына барынша жауапкершілікпен қарайтынын және қазіргі кезде бұл міндетті шешу жолында жаңа тәсілдер қажет екенін айтты. Қазір ТМК-ны отандық тауар өндірушілермен жұмыстың жаңа қағидаттарына қайта бағдарлау қажет.
«Атамекен» ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрайымы Тахмина Нағыманова отандық өндірісті дамытудың маңызды шарттарының бірі - өз өнімдерін ТМК кәсіпорындарына жеткізу мүмкіндігі екенін атап өтті.
«Металлургиялық өндіріспен жалпы металл кендерін өндіруді алсақ, мұнай-газ өндіру өнеркәсібін есептемегенде ТМК үлесі ҚР-дағы барлық өнеркәсіптік өндірістің 26%-ын құрайды», – деді спикер.
Бұл форум B2B және G2B кездесулерді қамтитын көптеген диалог алаңын ашады. Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 2000-ға жуық делегат қатысады деп күтілуде.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: