«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» - жаңа мамандық алғысы келетіндердің барлығына арналған Олжа

2023 жылғы 20 Қазан
- Ұлытау облысы
8141 просмотров

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер Палатасының қолдауымен "Аспаз" курсы бойынша оқыту аяқталды. Айта кету керек, курстар тегін негізде ұйымдастырылды. 

Бұл білім беру қолдауы гастрономия өнерін игеріп, аспаздық салада нағыз шебер болғысы келетіндер үшін пайдалы болды.
Оқу процесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды: тәжірибелі аспаздар, танымал мейрамханалардың аспаздары оқытушылар ретінде шақырылды. Олар өздерінің білімдері мен дағдыларымен бөлісіп қана қоймай, әрқайсысын аспаздық өнердің шыңына шығаруға тырысты. 
Оқу процесінде
біз ингредиенттерді таңдаудың қыр-сырын, әлемнің түрлі тағамдарынан әртүрлі асты дайындаудың әдістері мен құпиялары туралы білдік, сонымен қатар тамақ өнімдерінің гигиенасы мен қауіпсіздігі туралы көптеген пайдалы ақпаратты білдік дейді қатысушылар.
Сертификаттарды тапсыра отырып, Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасының төрағасы Гүлмира Қаженова түлектер алған білімдерін тәжірибеде қолдана алатынын және өз ісін аша алатынын атап өтті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер