«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда отын түйіршіктерін экспорттауға тыйым алынып тасталды

2023 жылғы 31 Қазан
9570 просмотров

Дереккөз: facebook.kz

 

Отын түйіршіктерін отандық өндірушілер енді өз өнімдерін алыс-жақын шетелге экспорттай алады. Мұндай мүмкіндік ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің «Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына өзгерістер енгізуден кейін пайда болды.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Республикасының аумағынан шыққан еліне қарамастан ағаш материалдарының барлық түрін әкетуге тыйым салынған болатын. Экспортқа қылқан жапырақты ағаштан өндірілген теміржол немесе трамвай шпалдары ғана рұқсат етілді.

Орман саласы бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің ұсынысы бойынша 2020 жылы Ұлттық палата отын түйіршіктерін экспорттауға тыйымды алып тастау бойынша жұмысты бастамалап, нәтижеге қол жеткізді.

 «Қазіргі кезде қатты отын түйіршіктері нарығы жоғары әлеуетке ие. Отандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылмақ. Оларға Еуропа елдері, Өзбекстан, Қырғызстаннан үлкен көлемде тапсырыстарға ұсыныс түсіп жатыр. Отандық бизнес отын түйіршіктерін өндіруге мүдделі әрі өндірістің жаңа тізбектерін іске қосуға дайын», – деді ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаментінің директоры Алмат Асқар.

«Ахмутдинов» жеке кәсіпкерлігінің (СҚО) жетекшісі Сермұхамет Ахмутдинов оның кәсіпорны жылына шамамен 5 мың тонна көлемінде түйіршіктер шығаратынын, олар тек ішкі нарықта сатылатынын атап өтті. Бірақ кәсіпорын 2 есе көп өнім өндіре алады. Негізгі кедергі түйіршіктерді экспорттауға тыйым салу болды.

«2022 жылы біз отын түйіршіктерін әрі қарай Еуропаға сату үшін жылына 8 мың тонна көлемінде шығаруды жоспарладық. Жабдық сатып алдық, өнімге СТ-KZ сертификатын алдық. Бірақ, 202 жылдың желтоқсанында экспортқа тыйым салынған соң біз өндірісті тоқтатып, Ұлттық палатаға тыйымды алып тастауға көмектесуді сұрадық», – деді «AV группа 2022» ЖШС директоры Валентина Ретунская.

Отын түйіршіктері ағыш үгіндісі секілді қалдықтарды терең қайта өңдеуден алынады. Кәсіпорындар үгінділерді түйіршіктерге қайта өңдеудің орнына оларды өздерінің аймақтық полигондарға тастайды. Бұл шара полигондарға жүктемені арттырады және қосымша шығындарды талап етеді (тиеу жұмыстары, автокөлік, утиль алымы). Сонымен қатар, мұндай үгінділер немесе қалдықтар қауіпті емес және қайта пайдалануға жарамды. Сонымен қатар, олардың жылдық тұрақты өсу қарқыны 4,5%.

Сонымен қатар, Қазақстанда түйіршіктер өндірісінің тежеуші факторы –экспортына тыйым салу болды.

Аталған бұйрықпен мына жерден танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер